Кеше, 14 мамырда халық арасында Черная речка деп аталатын Сарыөзек каналында бөгет бұзылды.
Суды өткізбеу және қорғаныс құрылымдарын нығайту жұмыстары екі сағат бойы жүргізілді, деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб. Жұмысқа екі арнайы техника, «Арнаулы автобазаның», қалалық әкімдік пен полиция департаментінің 15 қызметкері жұмылдырылды.
– Жұмыс екі сағатқа созылып, тонналық 12 қап пен 50 келіден 300 қап төселді. Қазіргі уақытта су кетуді жою жұмыстары толығымен аяқталды. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Сарыөзек каналында тәулік бойы кезекшілік болады, - деді қала әкімі Шәкір КЕЙКИН.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА