Атырау, 25 желтоқсан 06:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Оқушылар Интернеттің "қожайынына" айналды

7 015 просмотра

Білім беру деңгейін көтерумен айналысушы коммерциялық емес білім беру ұйымы «IREX» міне, екінші жыл Атырау облысында «Ақпаратты технологиялар ғасыры» жобасын жүзеге асырып келеді. Бұл жолы жобаға 32 мектеп қатысады.

ІREX қызметкерлері жобаның жаңа кезеңі туралы хабардар етті. 55 мектептің 32-сі жобаға қатысуға ниет білдірді. Біз бұл жобаның жастарды жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларға оқытуға және көшбасшылық сапаларды меңгеруге  бағытталғандығы туралы жазған болатынбыз. Өткен жылы жобаға 915 мектеп оқушысы қатысты. Мұғалімдер де сырт қалған жоқ, 100-ден аса оқытушы компьютерлік сауаттылыққа оқыды. 24 мектептегі компьютер интернетке қосылды. Жобаның тұрақты серіктесі Ғ.Сланов атындағы кітапхана болғандықтан кітапханашылар да оқып шықты, ал, кітапханаға келушілер саны екі есеге артты. Дайындық жұмыстары ақпан айының аяғында басталды. Алғашқы екі аптада локальды тор орнатылып, 8 мектептегі 52 компьютер интернет желісіне қосылды, ал, екі мектептегі 12 компьютерге операциялық жүйелер орнатылды. Компьютерлік кабинеттердің жұмысын жақсарту жалғасуда. Ал, мектеп компьютерлері жұмыс жасамаған немесе техниканы жөндеу мүмкін болмаған жағдайларда  IREX мектептер үшін «мобильді ноутбуктер» бөледі.

Оқыту мерзімі үш айға есептелген, оқуды бітіргеннен кейін оқушылар өз алған білімдерін өз беттерінше қолдана алады. IREX 7, 8 және 10 сынып оқушылары үшін компьютерлік кабинеттер базасында аптасына 2-3 рет 32 мектепте тренингтер өткізеді. Балалар тек жаңа технологиялармен танысып қана қоймайды, сонымен бірге өздері үшін жаңа мүмкіндіктерді ашып, өз-өздерін таниды. Мұның бәрі оларға жазда өздерінің қоғамдық жобаларын жүзеге асыруға көмектеседі. «Бұл жоба мен үшін болашаққа жол ашады,-деп бөліседі өз әсерімен С.Датов атындағы №26 мектептің оқушысы Жібек ОРАҚОВА. – Мен жұртшылық алдында еш қымсынбай сөз сөйлеуді және қалай көшбасшы болуды және компьютерлік технологияларды меңгере білуді үйрендім». Биылғы жылы Атырау алғаш рет 15-17 сәуірде өтетін халықаралық «Бүкіләлемдік жас еріктілер күні» деген акцияға қосылмақшы. Бұл күндері бүткіл әлем жастары қоғам игілігіне арналған өз жобаларын көпшілікке ұсынатын болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 сәуір 2011, 21:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.