Атырау, 25 желтоқсан 05:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

«Теңізмұнайқұрылыс» 40 млн. теңге төледі

3 460 просмотра

Жылыой аудандық прокуратурасы «Теңізмұнайқұрылыс» АҚ тексеру барысында біраз былықтың бетін ашып, миллиондаған қаржыны жұмысшыларға қайтарып берді.

Анықталғанындай, былықтың ашылуына акционерлік қоғамның екі жұмысшысының арыздануы себепші болған. Осы мекемеге алғаш рет он жыл бұрын еден жуушы болып орналасқан М. Бохиева мен А. Саркитова қойма жұмысшысы болғанға дейін ың‑шыңсыз еңбек еткен‑тұғын. Бірақ аталмыш екі жұмысшыны штат қысқартылуына байланысты жұмыстан босатып тастауға жұмыстанады. Бір ғажабы, акционерлік қоғам басшылығы штаттың аяқ астынан қысқартылуын желеу етіп, оларды басқа жұмысқа ауыстыруды немесе ұсынуды ойламаған. Бірақ АҚ 2010 жылдың тамызында (әртүрлі мамандықтарға) 116, сол жылдың қазанында 54 адамды жұмысқа

алған. Сөйтіп АҚ Жылыой аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қызметкерлер саны мен штаты қысқартылатыны жөнінде ақпарат бермеген болып шықты. Бұл дегенің қысқартудың заңсыз жүргенін көрсетеді.

‑ Сөйтіп жұмыс берушінің жұмысшымен еңбек шартын бұзу жөніндегі бұйрығының күшін бұзу үшін аудандық сотқа талап арыз беріліп, сот шешімімен жұмысшы басқа жұмысқа ауыстырылып, бос жүрген уақытындағы орташа еңбек ақысы төленген болатын. Мұнымен қоса, тексеріс барысында жұмысшыларды сақтандыру шаралары қарастырылмаған. Және 840 жұмысшының өткен жылға берешек 40 млн. 345 мың теңге болатын еңбекақысы өндіріліп берілді. Бұдан басқа аталған заң бұзушылықтар бойынша Атырау облысы бойынша бас мемлекеттік инспекторының қаулылары негізінде «Теңізмұнайқұрылыс» АҚ-на ҚР ӘҚБтК‑ның баптарына сәйкес 1 млн. 800 мың теңгедей айыппұл салынды,‑дейді Жылыой ауданы прокурорының аға көмекшісі Асылбек ХАБДЫҒАЛИЕВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 сәуір 2011, 21:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.