Атырау, 24 қараша 20:53
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Атырау жылу жүйелері» АҚ: «Су тасқыны жоспарымызға әсер етпейді»

616 просмотра

15 сәуірде кезекті жылыту маусымы аяқталды. Ол несімен есте қалды - «Атырау жылу жүйелері» АҚ (АЖЖ) президенті Әлібек ТЕМІРҒАЛИЕВПЕН «АЖ» сұхбатынан оқыңыз.

– Жылу желілерінде қанша апат пен жылыстаулар тіркелді?

- Жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын аяқтап, оларды 2023-2024 жылдардағы күзгі-қысқы кезең жұмыстарына дайындығы туралы паспорттарды алғаннан кейін «АЖЖ» АҚ облыс әкімдігінің хатына сәйкес 4 қазаннан бастап әлеуметтік нысандарды (балабақшалар, мектептер, ауруханалар және т.б.), 9 қазаннан бастап көпқабатты тұрғын үйлер мен басқа да үйлерді жылумен қамтуды бастады. Жылыту маусымы қалыпты режимде I және II дәрежелі апатсыз және ақаусыз өтті. Жылуды реттеу жергілікті атқарушы органдармен келісілген сыртқы ауа температурасына байланысты температуралық кесте бойынша жүргізілді. Жылу беру маусымында жылу және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің кіріс желілеріндегі ақауларға байланысты авариялық ажыратулар орын алды, 159 тұрғын үйде жылу беру тоқтатылды. Бұл кемшіліктер теңгерім ұстаушылардың күшімен жойылды.

– Соңғы сұхбатыңызда коммуникациялық көпір құрылысы жоспарланғанын айттыңыз. Су тасқыны АЖЖ жоспарын жүзеге асырмауы немесе өзгертуі мүмкін бе?

– Коммуникациялық көпір салу мәселесін жергілікті атқарушы органдар қарастырып жатыр. Біз мәселені айттық, енді әкімдіктің шешімін күтіп отырмыз. Өңірдегі су тасқыны жағдайы коммуникациялық көпір құрылысына әсер етпеуі тиіс.

- «Қызыл аймақта» орналасқан нысандарды атасаңыз. Оларды жөндеу жоспарланып отыр ма және ол қаншаға шығады? «Инвестицияға айырбас тарифі» бағдарламасы бойынша басқа нысандарды атасаңыз. Бұл тозу деңгейін қаншалықты азайтады? 

- Профильді министрліктердің мәліметі бойынша, «АЖЖ» АҚ тозу деңгейі бойынша «қызыл аймаққа» енген. Магистральдық жылу желілерінің орташа тозуы бүгінде 66,5 пайызды құрайды. 2023 жылы «Жылу желілерін қайта жарақтаудың және жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын» қабылдау кезінде тозу деңгейі 68% құрады – бұл шамамен жалпы ұзындықтағы құбырдың 58-60 км немесе магистральдық және таратушы жылу желілерінің 21 учаскесі. Өткен жылы 3,5 шақырым жылу желілерін қайта жарақтау есебінен тозуды 1,5 пайызға азайтуға мүмкіндік туды.

Инвестициялық бағдарламаны орындауға бөлінген қаржыландырудың барлық көздерін ескерсек, шамамен 18 млрд теңге жұмсалады деп күтілуде. Тозу деңгейі 15,2%  азаяды. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 сәуір, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.