Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары аясында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалының қызметкерлері кентте орналасқан газ реттеу пунктіне жедел жетті.
Газ реттеу пунктіне судың жетуіне жол бермеу және оның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жедел қоршау жұмыстары жүргізілді. Қазір Қызылқоға ауданында жағалауды бекіту жұмыстары жалғасуда. Миялы кентінде газбен жабдықтау тоқтаған жоқ.
Естеріңізге салсақ, 31 наурызда ауыл тұрғындарын ішінара көшіру басталды.