Атырау, 8 сәуір 2358
 бұлттыВ Атырау +12
$ 518.31
€ 567.96
₽ 6.03

Миялы ауылының тұрғындарын эвакуациялау жүргізілуде

1 214 просмотра

Еске салсақ, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылы Ойыл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты 2024 жылғы 31 наурызда сағат 17:45-тен бастап Миялы ауылының тұрғындарын Халықты қабылдаудың 3 пункті бойынша ішінара эвакуациялау басталды.

Сағат 20:30-дағы жағдай бойынша Миялы ауылының 559 тұрғыны, оның ішінде 327 бала эвакуацияланды.

1. Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп: 210 адам, оның ішінде 124 бала;
2. Ы. Шореков атындағы мектеп-гимназиясы: 79 адам, оның ішінде 53 бала;
3. "Нұршуақ" балабақшасы: 270 адам, оның ішінде 150 бала;

Тұрғындарды эвакуациялауға ТЖД 12 қызметкер, 2 бірлік техникасы; ЖАО 6 қызметкері 4 техникасы жұмылдырылды. 

31 наурыз 2024, 23:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16