Атырау, 25 желтоқсан 06:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Көлік тіркеу арзандады

2 752 просмотра

Арнайы қаулымен жол полициясы органдарында көлік құралдарын тіркеу (қайта тіркеу) процедурасына өзгерістер енгізілді.

Көлік құралын рәсімдеу үшін құжаттар пакетін жинақтап, техникалық төлқұжатты, нөмірді және т.б. төлеуге әжептәуір шығын кететіні белгілі. Осы пакеттің тізіміне құны 4500 теңге тұратын анықтама-есеп шот кірген еді. Енді, ІІД ЖПБ тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы, подполковник Мұхтар АЗИМОВ хабарлағандай, бұл құжаттың қажеті жоқ екен. Оның орнына көлік құралын тіркеу басқа құжаттың – келісімнің жазбаша формасының негізінде жүргізілетін болады. Бұдан басқа, Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес, әрі қарай жол полициясында тіркеу үшін көлікке меншік құқығын беріп, нотариалдық тіркеу жүргізуге болады.

Келісімнің жазбаша формасының бланкасы тіркеу-емтихан бөлімінде тегін беріледі.

Лев ГУЗИКОВ

6 сәуір 2011, 19:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.