Атырау, 27 сәуір 16:32
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жезөкшелік притондардың үстінен қарап отыратын полиция қызметкерлері – депутат

668 просмотра
иллюстрациялық фото

Депутат Бақытжан Базарбек жезөкшелік притондарды бақылап отыратын полиция қызметкерлерінің саны ресми деректен көп екеніне сенімді. Бұл туралы депутат Мәжілістегі адам саудасына қарсы заң жобасын талқылау барысында ІІМ Ерлан Сәденовке сұрақ қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Менің қолымда сіздің орынбасарыңыздың жауабы бар. Жезөкшелік притондардың үстінен қарап отыратын полиция қызметкерлері деген позициямды әлі де ұстанып отырмын. Осыған байланысты қанша полиция қызметкері жауапқа тартылды? 2023 жылы бар болғаны 5 полиция қызметкері  жауапқа тартылған. Егер өзім зерттеп, қолдағы ақпаратты жоққа шығарсам, маған берген ақпаратыңыз жалған болып шығады ғой»,- деді ол.

Өз кезегінде Сәденов өкінішке орай мұндай қылмыстың полиция қызметкерлерінің арасында кездесетінін айтты. 

«Мұндай қылмысты Ішкі істер саласындағы қауіпсіздік департаменті анықтайды. Ондай полицейлерді анықтағаннан кейін, теріс сипатпен жұмыстан шығарамыз»,- деді ол.

 Бақытжан Базарбек «2023 жылы притондарды бақылауына алған полицейлер туралы тек 5 ақ факт болғанына өзіңіз сенесіз бе?»,- деп сұрады министрден. 

Оған жауап берген Сәденов «99 пайыз полиция қызметкері өз жұмысына адал екеніне сенемін»,-деді. Сондай-ақ Бақытжан Базарбек министрден интернет желісіндегі жыныстық қызмет көрсету, адам ағзалары мен тіндерін сатып алу, сату, сондай-ақ балаларды заңсыз асырап алуға беру туралы жарнамаларды қалай бақылауға алатынын сұрады. 

«Интернет желісі арқылы жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастыру немесе ұстау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қазір әртүрлі сайттарда жыныстық қызмет көрсету, адам ағзалары мен тіндерін сатып алу, сату, сондай-ақ балаларды заңсыз асырап алуға беру туралы жарнамаларды көруге болады. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, мұндай чаттар шетелде де, бізде де ашылады. Мұнда республика азаматтары, шетелдіктер ұйымдастырушы бола алады. Осыған байланысты сұрағым бар. Осындай хабарландыруды бақылауды қашан қолға аласыздар? Мұндай жабық топтар қалай анықталады? Егер ұйымдастырушылар шетелде болса, олар қалай жауапқа тартылады? Заң жобаңызды қарасам, өте әлсіз. Механизмдері аз»,- деді депутат. 

ІІМ сөзінше заңсыз интернет жарнамалары Кибернадзор бағдарламасы арқылы анықталады.

«Заңның 309 баптың 2-ші бөлігі интернет ресурстарына арналған. Біз Кибернадзор деген бағдарлама арқылы қараймыз. Осы уақытқа дейін интернет жарнамалары бойынша 6 мыңнан астам қылмысқа тосқауыл қойдық. Ал притон ұйымдастыру бойынша 620 қылмыс анықталды. Олардың жетекшілері көбінесе шетелде отырады. Соған байланысты 47-ден астам мемлекетпен келісімшартқа қол қойып жатырмыз. Анықтаған кезде оларға сұрау жібереміз», - деді Сәденов.


20 наурыз, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.