AIKYN.KZ. «Аштық құрбаны – 3 379 500 адам» - 1931-1937 жылдар аралығындағы халық саны қанша болғандығы жөніндегі деректер бар қолымда. Мәскеудің Орталық экономика мұрағатынан алып келдім. 1930 жылы 1 маусымда Қазақстанда ауылдың халқы 5 миллион 873 мың болса, оның 4 миллион 800 мыңы – қазақтар. Мұны отырықшыландыруға байланысты қазақтардың есебін жүргізген деректерден алып отырмыз. 726 мың шаруашылықты отырықшыландырған. 5 миллион 873 мың адамнан 1933 жылы 2 миллион 493500 ғана қалған. 3 миллион 379500 адам жоқ. Мұның 1 миллионға жуығы – босқындар.
«Кулагиннің ұлы «құлады» ал өзгелер қазақ тілін қаншалықты меңгерген?» - Кеше елордада «Қазмедиа» орталығында баспасөз мәслихатын өткізген Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттіктің төрағасы Әлихан Бәйменовтің айтуынша, қызмет бабындағы 54 аудан-қала басшылары тестен «құлаған». Дегенмен Алматы қаласы мен Маңғыстау облысындағы әкімдер қатарларын бұзбастан, бірде-бірі қалмай, түгелімен өте шығыпты.
«Азалы күнге неге атүсті қараймыз?» - Болат Жүнісбековтің айтуынша, қуғын-сүргін жылдары, тіпті қазақтың ұлы ақыны Абайдың ұрпағын да шарпып өтіп, «Алжир» мұражайына қатысты етіп отыр.
EGEMEN.KZ. «Тағы бір «Алтын адам» табылды!» - Үржар ауданын көктеп өтетін Таскескен-Бақты тас жолының бойындағы Лайбұлақ және Жаңа тілек ауылдарының орта тұсынан алтын адамның сүйегі табылды. Есік қорғанынан табылған алтын адамдікіндей басындағы сәукелесі мен үстіндегі киімі әжептәуір, сүйегі сол қалпы жақсы сақталған. Бәрі де алтын зерлі. Құлағындағы алтын сырғасына, басындағы алтын сәукелесіне, мүйіз тектес өрнектеріне қарап, Семей педагогикалық институтының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, осындағы қазба жұмысын жүргізген студенттердің жетекшісі Амантай Исин: «Мұны III-V ғасырлардағы қола дәуірге, тіпті ғұн-сарматтар заманына жатқызуға болады», дейді.
AZATTYQ.ORG. «АҚШ мұнай экспорттаушы елге айналуы ықтимал» - Халықаралық энергетика агенттігінің есебіне қарағанда, алдағы бес жылда Солтүстік Америкада мұнай өндіру көлемі күрт артпақшы. Бұл бетбұрыс мұнай нарығына қалай әсер етпек?
«Бүгінгі "саяси қуғын көрушілер" кімдер?» - Қазақстандық құқық қорғаушылардан құралған сарапшылар тобы "саяси және ар-ұждан тұтқыны" деп анықтаған бес адам түрлі мерзімге сотталып, түрмеде отыр.
ALASHAINASY.KZ. "«Албастысайда» Алаштың азаматтары көмусіз қалыпты" - Саяси құғын-сүргін науқаны жүріп жатқан жылдары бұл сайға саясатпен ешбір ісі болмаған қарапайым адамдарды да әкеліп, жазықсыз жазалағаны тарихтан мәлім. Сол зобалаң құрбандарының ұрпақтары «Қасірет» мемориалына жыл сайын келіп, боздақтардың рухына бас иіп тұрады. Солардың бірі Шәріп ағамыз өз әкесі Есенаманның Созақ базарына қорасындағы бес-алты қойын сатуға әкетіп, қайта оралмағанын айтады. ОГПУ қызметкерлері базарды қоршап алып, ондағылардың бәрін түгел бай-манаптар деп ұстап, жайылманың құмына апарып атып тастаған. Тіпті ешбір үкімсіз шейіт болғандардың денесін туыстарына бірнеше күн бермеген де екен.
ZHASALASH.KZ. «Бiлiмi, бiлiгi жетпеген шенеунiктер ел басқарды» - Кеше ҚР мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiктiң төрағасы “А” корпусына кiруге сынақ тапсырған кандидаттардың қырық пайызға жуығы сыннан сүрiнгенiн хабарлады. Бұл жолы шабақтар емес, шортандар қармаққа iлiнiп, қызметiнен шеттетiлдi. Сынға қатысқан 1124 адамның бақандай 37,1 пайызы қызметтен ұшып түстi. Пара бергенi, не алғаны үшiн емес, Бәйменов бас болып түзген сұрақтарға жауап бере алмағандықтан. Сөйтiп, сынақтан сүрiндi де, қызметiнен айырылды.
ZHEBE.COM. «АЗА ТҰТУ БАУЫ геноцидті ұмытпау үшін керек» - Ресей алдымен елдің елдігін жойды, хандық билікті құлатты. Одан соң бас көтерер ерлерді қудалады. Атқанын атты, аман қалғанын «итжеккенге» айдады. Орыс басқыншыларынан атамекенін қорғаған Кенесары хан да, Сырым батыр да, Садық сұлтан да, Жанғожа батыр да, қысқасы ел намысын жыртқан кез-келген ер қуғын көрді. Шығыста Қытай бар еді ол кезде. Бұрынғылардың «көзі қысық, тісі қисық» деп сипаттаған жұрты да алаш баласын аз әурелеген жоқ.
«Біржынысты некені «қылмыс» деп тану керек» - Қазақстанда екі қыз некелерін қиды. Ашық түрде. Салтанатты түрде. Жария. Сөйтіп, батыстың демократиясы әкелген «керемет үрдіс» елімізде де әлдеқашан қанатын қатайтып алғанын көрсетті. Ата-бабамызда заты тұрмақ, аты жоқ шектен шыққан азғындыққа Парламенттен дабыл қаққан Алдан Смайыл мырзаның депутаттық сауалы, көкірегінде намысы, ұяты бар әрбір азаматты бей-жай қалдыра алмаса керек...
SERKE.ORG. "«Үлкен террор» аяқталғалы – 75 жыл" - Халық жанына жойқын жара салған осынау үрейлі Отыз жетіде тарихтағы ең қатыгез және жаппай сипат алған кісі өлтіру науқаны басталды. Шетелдік зерттеушілер «үлкен террор» деп атаған сонау 1937–1938 жылдары Кеңес Одағында, халықаралық «Мемориал» тарихи-ағарту қоғамының мәліметі бойынша, 1 миллион 710 мыңнан астам адам саяси айып тағылып тұтқынға алынған да, солардың кемі 725 мыңы атып тасталған. (Бұлардың ішінде атылған 25 мыңдай қазақстандық да бар). Совет мемлекеті осы Үлкен террор кезінде орта есеппен күн сайын өзінің бір мың азаматын атып өлтіріп отырды.
"«Шымкентский снайпер журналистер» неге қисық атады?" - «Рейтинг» газеті арқылы оның артында тұрған мүдделі топтар біраз «жетістікке» жетті. Кезінде Шымкент қаласына әкім болып келген жігерлі жігіт Арман Жетпісбаевты «Рейтинг» жөнсіз сын садағының астына алып, оны қызметінен кетіріп, оның орнына руы жаныс (ДТның бір тармағы) Қайрат Молдасейітовтың келуіне жол ашты. Себебі, оның «Рейтингке» «өткізіп қойғаны» бар екен. Кейбір мәліметтерде «Рейтингтің» редакциясы отырған үйді сол сатып әпергені айтылады. Кейін қолына қаланың билігі тиген соң ол өзінің билікке келуіне қолқабыс жасаған журналистерге пәтер бергізіп, олардың ақпарат майданында жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасап беріпті.
ABAI.KZ. «Алаяқ Әблязов ештенеден тайынар емес» - Референдум мен жалпы республикалық жиналыс өткізу мәселесін көтеріп жүрген Б.Әбіловтың идеясы да М.Әблязовтікі. Қашқын қылмыскердің арандатушылық айласы өзгерер емес. Фактіге жүгінейік. Биылғы жылдың 16 наурызында көптеген оппозициялық құрылымдардың өкілдері Алматыға келді. Мұнда оларға жол жүруіне және тұруына материалдық өтем жасау жөнінде уағда болған еді. Сөйтіп жиын өткізілді. Ал уәде бойынша берілетін ақша төленбей қалды. Сөйтіп, мұндай жалған уәдеге сенгендер қалтасында қонақ үйге төлейтін ақшасы болмағандықтан көшеге қуылып тастады. Міне, саған керек болса, қасқырдың терісін жамылға Әблязов. Ол үшін адамдар өзінің арам мақсатына жету үшін қолданылатын құрал ғана.
«Еуропа қазақтары: Коррупция жойылса, Қазақстаннан керемет ел жоқ!» - А.Аюби (Дания): "Шынын айтсам мен тұратын Данияның деңгейіне жету үшін қазіргі Қазақстанға 500 жыл қажет сияқты. Бір ғана мысал айтайын, бұрынғыдай емес біз қазір отанымыз Қазақстан деп мақтана алмайтын болдық. Қазақстан деген сөз шыға қалса жат жұрттықтар «Коррупцияны, Кедендік одақты» атайтын болды. Яғни бұл мәселелер қазақ елінің имиджін жыл сайын төмендетіп барады. Шығыс Қазақстанда бір танысым «Дания ауыл-шаруашылығы дамыған ел, сен маған көмектес, мен мал шаруашылығын өркендетейін» деп жанымды қоймай жүретін. Жақында хабарлассам, «Біз ет сатпақ түгілі, Белоруссияның етін сатып алуға көштік» деп қынжылып отыр. Сөйтсе, Ресей Белоруссияның ет өнімдерін экспорттауға субцидия беретін көрінеді. Соның салдарынан Қазақстанның ет өнімдері баға тиімділігінен айырылып қалыпты. Мұның өзі Қазақстан экономикасының кері кеткенін көрсетеді".
TURKYSTAN.KZ. «Атамбаев ашылып сөйледі» - Қырғызстан президенті Алмазбек АТАМБАЕВ: "«Біздің барлығымыз Гогольдің шинелінен шықтық» демекші, біз барлығымыз кеңестік шинельден шыққанымызды жасыра алмаймыз. Орыс тілі бізді рухани бір кеңістікте біріктірді. Кеңес өкіметін еске алғысы келмейтін адамның жүрегі жоқ деп ойлаймын. Орыс тілі – әлемдік тілдердің бірі. БҰҰ-ның тілі. Қырғызстанда орыс тілі әлі талай уақытқа қолданыста болады".