Атырау, 23 қараша 19:23
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мәжіліс Үкімет пен Есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітті

2 469 просмотра
Мәжіліс Үкімет пен Есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітті
АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін  Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар ҚР Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есептерін талқылап, ол бойынша арнайы қаулы қабылдау арқылы бюджеттің атқарылуын бекітті.  

Қаржы министрі Болат Жәмішевтың айтуынша, 2012 жылғы республикалық бюджеттің шығыстары 99,3 пайызға немесе 5795,7 млрд. теңге сомасында атқарылған. 2011 жылмен салыстырғанда республикалық бюджет шығыстарының өсімі 668,4 млрд. теңгені құрап отыр.  Сонымен қатар, былтыр республикалық бюджеттің 41,6 млрд. теңгесі пайдаланылмай қалды. Оның 24,2 млрд. теңгесі бюджет кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес атқарылмай қалған.

Қаржының ең көп игерілмегені Қоршаған ортаны қорғау, Төтенше жағдайлар министрлігіне (1,1 млрд.), Әділет (537 млн) және Қаржы (23,6 млрд), Ауыл шаруашылығы (2,4 млрд), Ішкі істер (2,6 млрд теңге) министрліктеріне тиесілі болып отыр.

Ал Есеп комитетінің мәліметтеріне қарағанда, республикалық бюджет бірнеше мәрте түзетіліп, нақтыланғанына қарамастан орталық мемлекеттік органдар  41,8 млрд. теңге бюджет қаражаттарын пайдаланған жоқ. Есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусиннің айтуынша, жергілікті атқарушы органдар 50,5 млрд. теңгені игерген жоқ, оның 24 млрд. теңгесі бюджетке қайтарылды. Игерілмеген қаражаттардың жалпы көлемінің ішінде мақсатты трансферттер 17,8 млрд. теңгені, бюджеттік несиелер - 8,6 млрд. теңгені құрайды. Бұдан басқа, Есеп комитетінің мәліметтері бойынша, өткен жылы квазимемлекеттік сектор субъектілері 21,8 млрд теңгені игермеген. «Тұтастай алғанда есепті кезең ішінде 114,1 млрд. теңге сомасындағы бюджет қаражаттары пайдаланылмай қалды», - деп түйіндеді А.Мусин.

«Жалпы алғанда республикалық бюджеттің иерілмеген қаражаты ішінде 17,2 млрд теңгесі бұл Үкімет резервтерінің үнемдеуінен қалған қалдық. Үкіметтің қолда бар резервінің барлығын тұтастай игеріп тастаудың қажеттілігі болмады. Бұдан бөлек, борыштық қызметтер бойынша үнемдеу 6,2 млрд. теңгені құрады, ал өкілдік ету шығындарынан үнемдеу 500 млн. теңгені, сатып алулар бойынша еңбекақы төлеу қорының үнемі 2,3 млрд теңгені құрады. Яғни, басқаша айтқанда, республикалық бюджеттің игерілмеген сомасының басым бөлігі үнемдеуден тұратын шығындар», деді Қаржы министрі Болат Жәмішев.

Дереккөз: inform.kz

30 мамыр 2013, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.