Атырау, 24 желтоқсан 23:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Балалар ауруханасының директоры: «Дауласуға бос уақытым жоқ»

Бейнежазба
1 137 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

28 ақпанда жергілікті блогер Рүстем БАЯЗИЕВ Атырау қаласының №2 сотына Атырау облыстық балалар ауруханасы директорының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «Жала жабу» бабы бойынша және осы мекеменің заңгеріне қарсы азаматтық істер жөніндегі Атырау қалалық сотына 100 АЕК көлемінде, яғни 369 200 теңге моральдық зиянды өндіру туралы талап арыз түсірді.

Бұған дейін «АЖ» осы аурухананың директоры блогердің үстінен «жалған ақпарат таратқаны» (ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы) үшін полицияға арыз түсіргенін, ал оның шағымы бойынша істі қарау қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын жазған болатын. Осыдан кейін аурухана заңгері өзінің іскерлік беделіне нұқсан келтіргені үшін сотқа шағым түсіріп, Баязиевтің өз бейнесін келісімсіз жариялау әрекетін заңсыз (АК-ның 145-бабы «Өз бейнесіне құқық») деп тануын талап етті.

Сот заңгердің шағымын қанағаттандырудан бас тартты. Сот шешімі 1 ақпанда шықты. Сот шешімінде сотқа Баязиевтің заңгердің суретін пайда немесе теріс мақсатта пайдаланғаны туралы тиісті және дәйекті дәлелдер ұсынылмағаны түсіндіріледі.

Заңгер Шархан МУСЛИМОВ талап арыздан басқа, Баязиевтен 1 миллион теңге моральдық шығынды өтеуді, сондай-ақ заңды өкілге көмек көрсеткені үшін 300 000 теңге және 3 450 теңге мемлекеттік баж салығын өндіріп алуды талап етті.

Сот шешіміне сүйенсек, былтыр 4 қазанда Баязиев өзінің Facebook парақшасында Муслимовтің суретін жариялап, оған қатысты сот болғанын, тиісті шаралар алынғанын, мұндай дөрекі заңгердің балалар ауруханасында жұмыс істемегені жөн деп пікір жазған.

Сот шешімінде Баязиевтің бұған дейін Муслимовтің үстінен «ұрып-соққаны» үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы) өткен жылдың 14 қыркүйегінде шағымданғаны көрсетілген, өйткені ол оны қолынан қысып, кабинеттен шығарып жіберген. Былтыр 4 қазанда сот арыз негізінде істі қарап, Муслимовті кінәлі деп танып, 24 150 теңге айыппұл салған. Бұл шешіммен келіспеген ол апелляциялық шағым түсіргенімен, өткен жылдың 31 қазанында апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Баязиев өз талап арызында бұл мән-жайлардың өзіне елеулі моральдық зиян келтіргенін, сондықтан заңгерге азаматтық талап қоюды қажет деп санайтынын жазады. Моральдық зиян деп блогер қолынан қысып, кабинеттен шығарып жіберген кезде қорланғанын, дене ауыруын сезінгенін, азаматтық талап арызды қарау кезінде сотқа қайта-қайта шақыртылған кезде үнемі уайымда болғанын, ашуланшақ болып кеткенін, әділетсіздікті сезінгенін, мұның бәрі отбасы мен жақындарына әсер еткенін түсіндірген.

Біз облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов пен заңгер Муслимовке телефон шалдық. Екеуі де талап арыз туралы бізден білгендіктен, түсініктеме беруден бас тартты. Айтмұхамбетов Баязиев сияқты дауласуға бос уақыты жоқ екенін айтты. Ал Муслимов блогер хайп арқылы осы мәселемен көбірек оқырман жинағысы келеді деп есептейді. Оның айтуынша, бұдан бұрын сотта балалар ауруханасына қатысты даудан кейін бірнеше мың жазылушы жинағанын блогердің өзі мойындаған.

Айнұр САПАРОВА

29 ақпан, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.