Атырау, 25 қараша 11:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қамаудағы блогер: бопсалау, ұрлық және маскарад

700 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

Кәсіпкерден екі миллион теңге бопсалаған атыраулық блогер сот ғимаратының кеңсесінде киімнен 20 мың теңге ұрлады деп айыпталды.

Еске салсақ, Атырауда полиция қызметкерлері кәсіпкерден ақша бопсалаған 26 жастағы блогерді ұстаған болатын. Ол өз кезегінде әлеуметтік желіге кәсіпкердің қызметі туралы бейнежазбаларды жарияламауға және құзырлы органдарға хабарламауға уәде берген.

«Күдікті кәсіпкердің азық-түлік маркетінің қызметін видеоға түсіріп, ол жерде жиі жанжал тудырған. Кейін ол видеоны жарияламау үшін 2 миллион теңге сұрап, 47 мың теңгенің тауарын алып кеткен, - деді Атырау полиция департаментінің баспасөз хатшысы. - Сондай-ақ ақпан айында оның сот кабинетінде киім қалтасынан 20 мың теңге ұрлағаны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, ұрлық пен бопсалау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған тұлғаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде».

«АЖ» сауалына облыстық соттың баспасөз хатшысы Мейрамгүл ӨТЕҒҰЛОВА Атырау қалалық полиция басқармасы тергеушісінің өтініші бойынша, Атырау қалалық мамандандырылған тергеу сотының 2024 жылғы  24 ақпандағы қаулысымен блогерге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

orda.kz сайтының хабарлауынша, күдікті №2 қалалық сотқа келіп, прокурордың кабинетіне кіріп, прокурордың кокардалы бас киімін киіп қаап, комедиялық сипатта видео түсірген. Осы оқиға бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 675-бабы («Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын заңсыз киiп жүру») бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Алайда облыстық сот та, Атырау полиция департаменті де блогердің №2 сотқа барғанын және оның прокурордың бас киіміне қатысты бұзақылығын растамады. Бірақ жоққа да шығармады.

Ал әлеуметтік желілерде блогерлер тарапынан күдіктіні қорғау науқаны басталды. Өз ресурстарында бопсалаушы блогердің ұсталғаны туралы жаңалықтар жариялаған жергілікті басылымдардың журналистері сынға ұшырады. Олардың бірі «журналистер қамауға алу жөнінде мемлекеттік органдардың нұсқауымен жазған» деді. Блогер polisia.kz телеграм чатындағы ресми хабарламаны «нұсқау» деп атады.

Жалпы, кейбiр блогерлер бiлмейтiн шығар, мына бір маңызды жайтты атап өткен жөн: блогерлердiң жазбаларынан айырмашылығы, журналист өз жұмысында ресми журналистiк сауалдар мен оларға ведомство басшыларының қолы мен мөрi басылған жауаптарды негізге алып жазады. Білікті маманның сөзіне сілтеме жасаған мақала оқырманға шынайы ақпаратты жалған ақпараттан, объективті ақпаратты жеке пікірден ажыратуға көмектеседі.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

29 ақпан, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.