Атырау, 25 қараша 13:20
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Атырауда полиция ақша бопсалаған блогерді ұстады

1 111 просмотра



Атырауда 26 жасар блогер жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктемеу үшін қаражат талап еткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Күдікті ақпан айының басынан бастап азық-түлік дүкенін бірнеше мәрте түсіріп, тауар салынған сөрелерді ақтарып шу шығарған. Видеоны көпшілікке жарияламау үшін 2 млн теңге қаражат сұрап, тегін азық-түлік алған. 47 мың теңгеге бағаланған тауардың ақысын төлемеген. Сондай-ақ, ақпан айында сот ғимаратындағы қызметтік бөлмеде киім қалтасынан 20 мың теңге қаражат ұрлаған.

Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр. Ұрлық және бопсалау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", делінген хабарламада. 

23 ақпан, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.