Атырау, 25 қараша 13:53
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Концерт залы сүріліп, жаңасы бой көтереді

837 просмотра

Нұрсая ықшамауданындағы құрылысы 10 жыл бұрын басталып, аяқталмаған тозығы жеткен концерт залы, монша және өнер мұражайының орнында жаңа мәдениет нысандары бой көтермек.

Бұл туралы «АЖ» сауалына Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мәлімдеді. Басқарманың мәліметінше, қазіргі таңда, жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда. Жобалаушы мекеме – астаналық «Engineering center ltd» ЖШС.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметке сүйенсек, қолданыстағы ғимаратты бұза отырып, концерт залы бар тарихи-өлкетану мұражайын салуға ЖСҚ әзірлеу үшін былтыр желтоқсанда 119 млн 301 мың теңге бөлінген.

Техникалық ерекшелігінде атап көрсетілгендей, жобалық сметада 1200 орындық кино-концерт залы,  тарихи-өлкетану мұражайы, музыкалық мектеп және бұдан бөлек екі автобус пен үш жеңіл көлікке арналған жеке гараж 200 адамға арналған амфитеатр мен автотұрақ болуы тиіс.

Естеріңізге салсақ, екі жобаны да 2012 жылы Бергей командасының тұсында аяқтау жоспарланған болатын.

Киноконцерт залын салу құны 3 миллиард 681 миллион, монша кешені - 840 миллион теңгеге белгіленді. Содан кейін Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ әкімдік еткен тұста  құрылыстың ҚНжЕ-ні өрескел бұзушылықтармен салынғаны анықталды. Облыс әкімінің сол кездегі орынбасары Тимуржан ШАКИМОВ Құрылыс істері комитетінің ғылыми институтының қорытындысына сәйкес, темірбетон конструкцияларының 90%-ын бұзу керек, өйткені құлау қаупі бар деп хабарлады.

2021 жылы жергілікті билік концерт залының қаңқасын мектеп етіп қайта жасақтайтынын жөнінде, одан кейін сауда ойын сауық орталығы қылу жөнінде жоспарлап жатқанын мәлімдеген болатын. Ақыры құны 3,7 миллиард теңге болатын сақалды құрылыс тағдыры сүріліп, қайтадан салумен тынатын болды. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

21 ақпан, 00:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.