1С бағдарламасының баптауларына қатысты мектеп пен балабақша есепшілерінің пикетінен кейін «АЖ» тілшісі мәселенің қалай аяқталғаны жөнінде білді.
Еске салсақ, бұған дейін білім беру басқармасы басшылары бір күннен соң мәселе шешілетіні жөнінде уәде еткен еді.
Пикеттен кейін есепшілермен кездесу өткені белгілі болды. Онда 1С басшылары мен мамандары қатысып, туындаған сұрақтар бойынша жауап беріп, бағдарламаның баптауларын жөнге келтірген.
- Жаңадан іске қосылған соң баптаулары келіспегеннен қателіктер орын алды. Есепшілердің барлығы арнайы маманның оқуынан өтті. Қазір бағдарлама қалыпты жұмыс істеп тұр, - деді Атырау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Света АМАНШИЕВА.
Басқарманың жауабынан кейін пикетке келген есепшілердің бірімен байланыстық, олар да «барлығы нормально болды» деп жауап берді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ