Атыраулық ең жас шахматшы Санжар ЕРМЕК өткен ҚР чемпионатында 6-8 жас аралығындағы ұлдар арасында ел чемпионы атанды.
Санжар жылдам шахмат турнирінде құрметті атаққа ие болса, орта және классикалық шахматтан қола жүлдегер атанды. Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, турнир 24 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Шымкент қаласында өткен. Жарысқа алты жүзден астам спортшы қатысқан.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ