4 ақпанда сағат 15:30 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 873 шақырымы тұсында адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік апаты орын алды.
Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауы бойынша, Volvo маркалы жүк көлігінің 1958 ж.т. жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Mitsubishi Outlander автокөлігіне соқтығысты.
Соқтығыс салдарынан Mitsubishi Outlander автокөлігі өртке оранып, 1964 ж.т. жүргізушісі мен 1965 ж.т. жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.