Атырау, 23 қараша 06:11
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

НАТО-ның Қытай мен Ресейге қарсы жоспары талқыға түсті

578 просмотра
iamediabank.ru

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің Ресей мен Қытай туралы мәлімдемесі альянстың дүниежүзілік соғысты бастауға деген ұмтылысын білдіреді, деп жазды Sputnik Global Times басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін АҚШ-та сөйлеген сөзінде Столтенберг Қытайды "ұзақ мерзімді перспективадағы айрықша қауіпті қатер", ал солтүстік көршісін "олардың ішіндегі ең елеулісі" деп атады.

"Бұл Украинадағы қақтығыстың дүниежүзілік соғысқа ұласуына қоғамдық пікірді дайындаудың айқын айғағы", - деп жазылған мақалада.

РИА Новостидің хабарлауынша, сондай-ақ материалда Столтенберг енді Украина дағдарысын Еуропамен шектемейтіні, оны жаһандық геосаяси қақтығыс ретінде қарастыратыны аталып өткен.

"НАТО Азияға экспансияны бастағаннан кейін бұл жағдай жаһандық геосаяси шиеленісті ушықтырумен қатар, қарулану жарысы мен аймақтық қақтығыстардың шиеленісуіне әкелуі мүмкін.Одақ ілгерілеп, кеңейген сайын соғыс қаупі сөзсіз арта түседі", - деп атап өтті басылым.

Мәскеу Украинадағы жағдайға Киевтің Солтүстік Атлантикалық альянсқа қосылуға ниеттенгені негізгі себептердің бірі болғанын бірнеше рет атап өтті. Сонымен қатар, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдегендей, қақтығысқа одақ елдерінің нұсқаушылары мен әскери қызметкерлері қазірдің өзінде қатысып жатыр.

5 ақпан, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.