Атырау, 25 қараша 18:47
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Атырау тұрғыны интернет арқылы терроризмге шақырған

638 просмотра

Атырауда интернет арқылы тыйым салынған діни материалдарды таратқаны үшін Атырау тұрғыны сотталды.

Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2023 жылы маусым айында облыс аумағында 2022 жылдан бері интернет ресурстарында терроризмді насхиаттап, дәстүрлі емес дін туралы уағыз таратқан 39 жастағы азаматты анықтады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде күдіктінің ВКонтакте әлеуметтік желісінде діни экстремизм туралы материалдарды ашық жариялап, тыйым салынған діни уағыз айтылған аудиожазбаларды тыңдап, таратқаны анықталды. 

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы аумағындағы интернет-ресурстарда жариялауға, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни экстремистік баспа материалдарын әлеуметтік желі арқылы тартақаны дәлелденді. Айта кетейік, 2014 жылы Қызылорда қалалық сотының және 2018 жылы Жетісай аудандық сотының шешімімен жоғарыда аталған баспа материалдар ҚР аумағында таратуға тыйым салынған. 

Қазіргі таңда 39 жастағы азамат өз кінәсін толықтай мойындап, ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі ("Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария шақыру") бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шығарылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 ақпан, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.