Атырау, 11 желтоқсан 19:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Діни экстремизммен және терроризммен күреске 200 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді

5 284 просмотра
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2013-2017 жылдар аралығында 199 млрд. теңге бөлінеді.

Бұл туралы бүгін Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Қоғамдық кеңестің мәжілісінде Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

«Жалпы, бағдарламаны жүзеге асыру үшін 199 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсау көзделген. Оның 144 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен, ал 55 млрд. жергілікті бюджеттерден алынады. Баса айтатыны, бұлар тек қосымша бөлінетін қаражаттар ғана. Көптеген іс-шаралар бұған дейін кепілді түрде бөлініп қойылған мемлекеттік бағдарламалардың есебінен қаржыланады», - деді Н. Сүйіндіков.

Оның айтуынша, іс жүзінде бағдарламаны толық жүзеге асыру үшін бұдан әлдеқайда көбірек қаражат кетеді.

Бағдарламаның басты мақсаты діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатерінен сақтандыра отырып, адам, қоғам, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бағдарламада діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру, діни экстремизм мен терроризмді анықтау және жолын кесу шараларының тиімділігін арттыру, экстремистік және террористік қимылдардың салдарын мейлінше азайту және жою шараларының жүйесін дамыту сияқты тапсырмалар қойылған.

Жоспар бойынша қазақстандық қоғамның антитеррорлық санасы 2017 жылға қарай 99,5-100 пайыздық көрсеткішке жетуі тиіс.

Дереккөз: inform.kz

24 мамыр 2013, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.