ҚР Ұлттық ұланы Атырау қаласындағы №5546 әскери бөлімінде 127 жас сарбаз салтанатты түрде ант қабылдады.
- Бүгін біздің әскери бөлімде өте маңызды күн. Себебі, жас сарбаздар көпшіліктің алдында Отанын, туған елін, жерін қорғауға серт беріп, ант қабылдауда. Жаңа сарбаздар еліміздің Орал, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Өскемен және Петропавл сынды қалаларынан жиналды. Жас ұландарымыз берген серттерін берік ұстап, елімізге адал қызмет етеріне сенімім мол, - деді №5546 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Лұқпан УТЕКОВ.
Айта кетейік, ҚР Ұлттық ұланы Атырау қаласындағы №5546 әскери бөлімі 1991 жылы құрылды. Биыл 25 ақпанда әскери бөлімнің құрылғанына 33 жыл толады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ