Атырау, 25 қараша 18:20
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұғалжар тауынан өр суы мол келеді деп күтілуде

822 просмотра

Жылыой ауданы Құлсары қаласында көктемгі су тасқынына қарсы қам жасалуда.

Мамандардың айтуынша, биыл да Ақтөбе облысындағы Мұғалжар тауынан келетін өр суы мол келеді. Тау басында қар қалың көрінеді. Осыған орай Құлсары қаласында су астында қалуы мүмкін деген жерлерге бөгеттер тұрғызылып, жаға бекіту жұмыстары жүйелі жүруде.

- Өткен жылы қаладағы "Жетінші ауыл", "Бесінші" ықшамауданда топырақпен бөгет жасалды. Биыл да осы іс жалғасын тауып отыр. Демеушілік көмектің арқасында "СМП", "224", "Тоғызыншы ауыл" ықшамаудандарында су тасқынына байланысты жаға бекіту жұмыстары жүйелі түрде жүрді. Бұл ықшамаудандарда 200-ге жуық үй бар, - дейді Құлсары қаласының әкімі Қадыржан АДИНОВ.

Естеріңізде болса, 1993 жылы мол су тасқынынан Құлсары қаласындағы бірнеше үйді су басқан болатын.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 ақпан, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.