Атырау, 25 қараша 18:34
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Облыстық аурухана бір жылда жасалған ота туралы есеп берді

683 просмотра

Өткен жылы Атырау облыстық ауруханасында 6842 ота жасалды. Оның ішінде 5732 шұғыл түрде, 1110 жоспарлы түрде жасалған.

Облыстық аурухананың бас дәрігері Ербол Иманғалиевтің айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша 6842 отаның ішінде, хирургияның 1-бөлімшесінде 1455, 2-бөлімшесінде 738, нейрохирургия бөлімшесінде 479, гинекологияда - 1650, травматологияда - 603, урологияда - 520, оторинооларингологияда - 729, бет жақ хирургиясы бөлімшесінде - 479 ота жасалған. Ал 2022 жылы барлығы 5858 ота жасалып, оның 4823 шұғыл, 1035 жоспарлы түрде жүргізілген.

- Өткен жылы жасалған отаның саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 984 отаға артқан. Оған мамандардың біліктілігін арттыруы, бұрын соңды облыста жасалмаған отаның жасалуы себеп болып отыр, - деді Е.Иманғалиев.

Қазір медицина саласы жылдан-жылға даму үстінде. Сол себептен дәрігерлердің білімін жетілдіріп отыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің қатарында. 

- 2023 жылы Атырау облыстық ауруханасының 19 дәрігері мен 45 мейірбекесі, яғни гастроентеролог, ревматолог, уролог, эндокринолог, аллерголог және хирург дәрігерлері біліктілігін арттырып, семинар, шеберлік сыныптарына, конгресстерге қатысып келді. Тағы бір маман шетелде Қырғызстан мемлекеті, Бішкек қаласында біліктілігін арттырды, - деді облыстық аурухананың басшысы. 

Сондай-ақ, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен ҚР Президенті іс басқармасының медициналық орталығымен жасалған мемарандум аясында облыс мамандарына 19 мәрте шеберлік сағаты өткізілді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 ақпан, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.