31 жастағы беларусь шабуылшысы Николай СИГНЕВИЧ командаға келді, ол клубпен 2024 жылдың соңына дейін келісім жасады.
Сигневич мансабының басында Беларусьтің «Смолевичи», «Динамо Брест» және «БАТЭ» сияқты клубтарында ойнады. Сондай-ақ ресейлік «Химки», венгриялық «Ференцвароше» және грекиялық «Платаниас» командаларында ойнап үлгерген. Ол соңғы клубы грекиялық «Аполлон Смирнисте» былтыр қыркүйектен бері ойнаған еді. Осы уақыт ішінде ол 22 ойын өткізіп, 1 гол соғып үлгерді.
Жалпы, Синьевич мансабында 327 матч өткізіп, 76 гол соғып, 34 нәтижелі доп берді.
Сондай-ақ, «Атырау» ФК баспасөз қызметі 26 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Аслан ӘДІЛМЕН келісімге қол қойылғанын хабарлады. Футболшы оң жақ жартылай қорғаушы позициясында ойнайды. А.Әділ – талдықорғандық «Жетісудың» шәкірті. Өткен маусымды өз клубының құрамында өткізіп, 2 гол соғып, 22 матчта бір нәтижелі доп берді.
Бұған дейін «мұнайшылардың» екі шабуылшысыз (ресейлік Евгений КОЗЛОВ пен нигериялық Нсунгуси ЭФФИОНГ) қалғанын хабарлаған едік.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ