Атырау, 18 желтоқсан 21:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Қазақ қашқындарының қарасы 158-ге жетті…". "Жармахан жар алдында тұр ма, ар алдында тұр ма?…". "Гомосексуалдарды жазалау керек". "Орыс тілі теріскейге «ығысып» барады". "Сириядағы соғыс Иракқа ауа жайылуы мүмкін".

2 538 просмотра

1TV.KZ. «Біз ғажайыптарға жиі тап боламыз!» - Парвиз бен Ситора Назаровтар – қазақстандық эстраданың белді өкілдері. Тәжірибелерінің көптігіне қарамастан, олар көрермендерін таңғалдырудан шаршамайды. Парвиз бен Ситора – сахнадағы дуэт емес, бірлесіп өнер көрсетулері – тәжірибелерін шыңдау мақсатында ғана.

AIKYN.KZ. «Балаға жабысқан дерт» - Бүгінде ғаламторға тәуелділік атты жаңа дерттің пайда болғаны жасырын емес. The Independent басылымының мәлімдеуінше, адамның ғаламторға тәуелділігі ішімдік, кокаин немесе марихуанаға тәуелділікпен бірдей екен. Негізінен, компьютер тұтынушыларының 5-10 пайызы ғаламторға тәуелді.

HALYKSOZI.KZ. «Сәбит Мұқанов «Ақбілектің» авторына «Жолбике» деген сөзін де қимады» - «Бір тайпа ауылды үш мылтықтың албастысы басып, тұншықты». Жүсіпбек Аймауытовтың атақты «Ақбілек» романының алғашқы бетінде осындай сөйлем бар. Осы атақты романды талдауға академик Серік Қирабаев пен әдебиетші ғалым Зейнол-Ғабиден Бейсенғали қатысты. «Мәдениет» телеарнасынан «Халық сөзіне» ұсынылып отыр.

SERKE.ORG. «Мәңгіелдіктер қайда жүр?» - Рас, зерттеушілерге Бөрте қатұннан туған ұлдарына Шыңғыз ханның үлестер беріп, 4 мыңнан әскер (отбасыларымен) бөлгені тарихшыларға аян.  Алайда сол ұлыстардың аумағында бүгін тұрып жатқан халықтардың тілі қазіргі Моңғолиядағы халықтың тілінен бөлек болғандықтан, зерттеушілер бір ауыздан: «Шыңғыз ханның ұлдарына берген әскерлері көп ұзамай жергілікті халықтарға сіңіп, ассимиляцияланып кетті» деген пікір айтуда.

BAQ.KZ. «Гомосексуалдарды жазалау керек» – Депутаттардың тағы бір бастамасы дауға айналуы мүмкін. Халық қалаулылары енді бір жынысты махаббат үшін «қызтекелер» «еркекшораларды» жазалау керек деген мәселе көтеріп отыр.

NAMYS.KZ. «Тоғайбай Нұрмұратұлы. Орыс тілі теріскейге «ығысып» барады» - Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары мен екі мыңыншы жылға дейін Бұрынғы Ақмола қазіргі Астана қаласында жалғыз орыс тілі ғана үстемдік етті. М. Шаханов ағамыздың жанайқайы мен Үкіметтің қазақ тілін дамыту жөніндегі 2000-2010 жылдарға арналған бағдарламасы үлкен серпін беріп осы он жылда Астана қаласында орыс тілі мен қазақ тілі теңесті. Өйткені, оңтүстіктің төрт облысы мен батыстың үш облысында, әсіресе облыс орталықтарында жаппай қазақылану жүрді.

ZHASALASH.KZ. «Бiр адамның мың күндiк өмiрi артық» - Астана күнiн дүркiретiп тойлау, қыруар қаржыны босқа шашу кiмге керек? Жақында Астананың 15 жылдығына дайындық және оны өткiзу бойынша ұйымдастыру комитетi штабы басшысының орынбасары Талғат Колбачаев бұл мерекенiң қалай өтетiнi туралы ақпарат таратты.

QAZAQUNI.KZ. «Қазақ қашқындарының қарасы 158-ге жетті…» - Қазақтың қазанына түсіп, қазынасын жымқырғандардың ұзын-саны белгісіз, бірақ, көп және күн сайын саны артып, молайып жатыр. Бұған шүбәңіз болмасын!.. Ал, қазақтың қариясы мен сәбиінің несібесін ұрлап, әлемді айналып қашып-пышып жүрген Қазақ Елінің баукеспе-ұрыларының қарасы қазір 158 адамнан асып-жығылды. Интерпол арқылы іздеу салып, халықаралық іздеу жарияланған Рахат Әлиев, Мұхтар Әблязов, Храпуновтар отбасы мен ағайынды Рысқалиевтер де ұрлықы ақшаны аямай, Еуропаның ең қымбат қорғаушыларын жалдап, арқасын бит, тапқанын ит жеп жатыр…

«Жармахан жар алдында тұр ма, ар алдында тұр ма?…» - Еркін ел болғанымызбен, ел ішін үрей мен қорқыныш жай­лаған. Қазір билік тар­мақ­тарының жемқорлыққа бел­шесінен батқандығын, кез кел­ген заңды белінен басатын жүгенсіздігін білмейтін адам жоқ. Түптің-түбінде осынау орасан бассыздық – ерте ме-кеш пе – әрбіріміздің үйіміздің есігін қағатындығын түйсіне бермейміз. Аурудың алдын алмаса асқынады. Тәртіпсіздік пен тасырлыққа қарсы тас ату керек, кескілескен күрес жүргізу керек.

MASA.KZ. «Ашық хат. Зейнеткерлік жасын ұлғайту туралы заңға "Вето" қойыңыз!» - Әйелдердің зейнеткерлікке  шығу жасын "Ә" деп көтергенде, мен ғалым-экономист ретінде қарсы дәлелімдi айтып, ұсыныс жасаған Г.Марченконы отставкаға жіберудi теледидардан да, газет беттерінде де ұсынған болатынмын. Оларды келтірмей-ақ кояйын. Көп жылдан бері келе жатқан пенсия жүйесінің кемшілігін әйелдердің ұзақ өмір сүруінен іздеу – бұл нағыз барып тұрған надандық, халықтың мораліне нұқсан келтіру.

AZATTYQ.ORG. «Сириядағы соғыс Иракқа ауа жайылуы мүмкін» - Ирак жасақтары көршілес Сирия жеріне өтіп, соғысып жатқан екі тарапқа да қол ұшын беріп жатыр. Екі ел арасындағы шекара бекітілмесе, соғыс Ирак аумағына жайылып кете ме деген қауіп бар.

24 мамыр 2013, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.