Атырау, 23 қараша 06:32
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бішкек ЖЭО-сына диверсия жасалған болуы мүмкін – Қырғызстан ҰҚК

731 просмотра

Бішкек жылу электр орталығына диверсия жасалған болуы мүмкін. Мұндай болжамды Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев айтты.

Бұл жайлы 2 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Қамшыбек Ташиев диверсия мүмкіндігін жоққа шығармайды. Өйткені апаттың алдында әлдененің жарылған даусын естігендер бар.

Өз кезегінде Төтенше жағдайлар министрі Бообек Әжиев жылу электр орталығында төтенше жағдай жарияланғанын айтты. Ол апат қолдан жасалған болуы мүмкін деген болжамдардың қарастырылып жатқанын айтқан.

«Жабдықтарды тексерген кезде бәрі жақсы болған. Бұл  – кенеттен болған апат. Қысқа дайындық та жақсы жүргізілген. 1970-ші жылдары пайдалануға берілгендіктен, құрал-жабдықтары ескі. Ал соңғы жөндеу жұмыстары желтоқсанда жүргізілген. Апат қазандықтың қосалқы жабдықтарында болды деп топшылаймыз», – дейді Энергетика вице-министрі Нәсіпбек Керімов.

Жарылыс Бішкек ЖЭО-сының 14-ші қазандығында болған. Апатқа қарамастан, кейбір аудандарға жылу үзіліссіз беріліп жатыр. Ал кей аудандарға су тек рециркуляция режимінде, яғни төмен температурада беріліп отыр.

Нәсіпбек Керімов қазіргі таңда ЖЭО жұмысшылары апат себебін анықтап жатқанын айтты.

«Қазір ЖЭО жұмысшылары апаттың себебін анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатыр. Кейбір нысандарда жылу режимін сақтау үшін мектептерде онлайн режимі енгізілді. Ал электр энергиясы тоқтаусыз беріледі. Апаттың себептері екі-үш күн ішінде анықталады», – деп мәлімдеді вице-министр.

Жауапты органдар жылыту 2 ақпан күні кешке қарай қайта берілетінін мәлімдеген. Осы орайда Еңбек вице-министрі Ұлан Шанашев мемлекеттік органдар жұмысын тоқтатпайтынын айтқан. Оның айтуынша, санитарлық норма бойынша 18-20 градуста адам жұмысын жалғастыра алады.

2 ақпан, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.