Атырау, 25 қараша 18:33
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Антикор бюджеттік үйлердің құрылысын бақылауға алады

1 050 просмотра

"Amanat" партиясының Атырау облыстық филиалы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, Атырау облысы құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының жәй-күйі талқыланды.

Кеңестің жұмыс тобының сараптауынша, соңғы үш жылдағы статистикада сыбайлас жемқорлық нышандарының сиреген, дегенмен қоғам әлеуетіндегі маңызы зор саланың әр сатысында  тұнып тұрған сыбайлас жемқорлық туындау «тәуәкелдіктері» бар екенін мәлімдеді.

Спикерлер баспана алғандардың басым көпшілігінің оның сапасына көңілі толмайтыны, жаңадан пайдалануға берілген әлеуметтік нысандардың жәй-күйі БАҚ бетінен түспейтіні, қатты жел тұрса еліміздің әр бұрышында кешегі жөнделген бюджеттік мекемелер шатырының құлауы да «үйреншікті» жағдайға айналғанын атап өтті.

Бұл орайда, салаға жауапты мемлекеттік органмен бірге құрылыстың әр сатысындағы тәуекелдіктерді саралау, оларды азайту жолдарын пікірлесе отырып анықтап, нақты іске асыру үшін жұмыстану мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" жобасын іске қосты.

«Жобаға қосылған еріктілердің үйлесімді жұмысының нәтижесінде мемлекеттік сатып алу мониторингі шеңберінде 50 млн теңгеден астап қаражат үнемделді, "100 ауланы абаттандыру" шеңберінде 14 млн.теңгеге жуық бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді, 100-ден астам азаматқа тегін, құқықтық, консультациялық көмек көрсетілді", - деп атап өтті Департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрлан ЖАХИН.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

31 қаңтар, 23:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.