Қызылқоға ауданы Сағыз ауылындағы жанар жағар май бекетінің тұсында киім кешек тиеліп келе жатқан «Mercedes Bens» маркалы Фура автокөлігінің тіркемесі өртке оранды. Жүк көлігі Түрік елінің тіркеуінде тұрған.
Оқиға 29 қаңтарда сағат 15:57- те тіркелді. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД Сағыз ауылының №12 ӨСб 12 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ, деді ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.
ТЖД мәлімдегендей, 1-31 қаңтар аралығында облыста 12 автокөлікте өрт оқиғасы тіркелген. Көбінесе тілсіз жаудың шығуы автокөліктің электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан пайда болады.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті автокөлік иелеріне ескертеді:
– Автокөліктеріңізді дер кезінде техникалық байқаудан өткізгеніңіз дұрыс;
– Үнемі оның дұрыс екенін қадағалаңыз, әсіресе электр сымдарға назар аударыңыз;
– Өзіңізбен бірге әрқашанда өрт сөндіргіш құралы болсын, оны қолжетімді жерде ұстаңыз;
– Егер Сіздің автокөлігіңізде өрт болған жағдайда көлікті тоқтатып, өрт сөндіргіш құралын алып, өрт ошағына жақындатып шашыңыз;
– Егер өрт сөндіргіш құралыңыз тиімді болмаса, әрі қарай құм мен топырақты пайдаланыңыз.
– Жанып жатқан кезде мүмкіндігінше есік пен терезені ашық қалдырмаңыз. Көліктің есігін мықтап жаппасаңыз, өрт шарықтап кетуі мүмкін.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Бейнежазба atyrauoil парақшасынан алынды