Атырау, 25 қараша 18:50
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Parimatch сарапшылары "Ливерпульдің" "Челсиді" жеңгеніне күмәнданбайды

993 просмотра


АПЛ жанкүйерлерді демалыс күндерін күтумен азаптамауға шешім қабылдап, аптаның ортасына нәтижесі онсыз да белгілі матчты ұйымдастырды. "Ливерпуль" мен "Челси" қазір әртүрлі салмақ дәрежесіндегі командалар, бірақ ойын қызу өтуі мүмкін.

 

“Ливерпуль”

Қыста жиі болып түратын жағдай ретінде, кубок ойындары мен матчтарды ауыстырулардың көптігіне орай, АПЛ кестесі шартты түрге ие болды." Ливерпульде" - 21, "Арсеналда" - 22, ал "Манчестер Ситиде" 20 өткізілген матч бар. Бірақ дәл қазір "қызылдар" барлық есептеулер бойынша кесте көшбасшылары болып табылады. "Ливерпуль" Юрген Клопп бастаған соңғы маусымында титулды қанжығасына байлауға үміт артып, "Челсимен" өтетін матчта үш ұпай алуға бел буады. Осылай үміт артуға бірнеше себептері бар: "қызылдардың" соңғы жеңілісі 30 қыркүйекте АПЛ-да болған, ал төреші болса "Тоттенхэмге" үш ұпайды сыйға тартқан десек те болады.

"Челсимен" ойында "Ливерпуль" Мохаммед Салахқа сенім арта алмайды, бұл басты осал жері: шабуылдаушы Африка кубогында жарақат алды. Біраз уақыттан бері Жоэль Матип пен Костас Цимикас жарақатынан айықпай жатыр, ал Стефан Байчетич пен Тьаго Алькантараның бар екенін "қызылдардың" жанкүйерлері ұмытып та үлгерді. Тағы бір, бірақ маңызды емес шығын - Ватаро Эндо, ол Азия Кубогындағы Жапония құрамасында.

 

"Ливерпульдің" соңғы 5 матчы (4-1-0, 14-4)

Англия кубогы. “Ливерпуль” - “Норвич” 5:2

Лига кубогы. “Фулхэм” - “Ливерпуль” 1:1

АПЛ. “Борнмут” - “Ливерпуль” 0:4

Лина кубогы. “Ливерпуль” - “Фулхэм” 2:1

Англия кубогы. “Арсенал” - “Ливерпуль” 0:2

 

“Челси”

Маурисио Почеттино командасы әлі де тұрақсыздау. "Көктер" "Манчестер Ситимен" (4:4) әсерлі қойылым көрсетіп, содан кейін кенеттен "Вулверхэмптонға" келіп тірелуі мүмкін. Соңғы матчтарда "Челси" төменгі лига деңгейіндегі қарсыластармен кубоктық матчтарында жеңіс шыңынан көрінер-көрінбес нәтижелерге қол жеткізуде.

АПЛ-дағы жағдайы мұңды: оныншы орын және лига чемпионатының төртінші тармағынан 12 ұпайға алшақ тұр. Алайда, "Челсидің" кем дегенде Еуропа Лигасына кіруіне барлық мүмкіндігі бар: алда Англия лигасы Кубогының финалы.

"Ливерпульмен" өтетін шайқасқа "көктер" көптеген шығындармен келеді. Марк Кукурелья, Уэсли Фофана, Роберт Санчес бұрыннан бері жарақатына байланысты сапта жоқ. Николас Джексон қатысуы сұрақ астында: оның Сенегал құрамасы Африка кубогынан ұшып кетті, бірақ ол "Ливерпульмен" шайқасқа дайын ба, жоқ па, белгісіз.

 

"Челсидің" соңғы 5 матчы (3-1-1, 11-2)

Англия кубогы. “Челси” - “Астон Вилла” 0:0

Лига кубогы. “Челси” - “Мидлсбро” 6:1

АПЛ. “Челси” - “Фулхэм” 1:0

Лига кубогы. “Мидлсбро” - “Челси” 1:0

Англия кубогы. “Челси” - “Престон” 4:0

 

Болжам 

Parimatch сарапшылары, әрине, "Ливерпуль" жеңісіне сенеді. "Қызылдардың" жеңіске жету коэффициенті-1.58, "Челсидің" жеңіске жету ықтималдығы 5.30-ға бағаланған. 1,5 форасымен Ж1 нұсқасына ұсынылған 2.44 коэффициенті тартымды көрінеді.

31 қаңтар, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған