Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі құрылыс басқармасының мамандарымен, мердігер ұйыммен және еріктілермен бірлесе отырып, бір жыл бұрын 9 қабатты 90 пәтерлік жеті тұрғын үйдің құрылысы, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру желісінің құрылысы тоқтатылған Талғайран ауылына барды.
Құрылысы мердігердің келісімшарттағы міндеттемелерін жүйелі, уақтылы орындамауы салдарынан, сондай-ақ құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты тоқтатылған. Мердігерден барлық жобалау-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстар актілері және басқа да құжаттамалар алынып, ведомстволық органдарға берілді.
Нысанның жұмысын жалғастыру үшін Антикор облыс әкімімен бірлесіп, бұзушылықтарды жою және проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау жоспарын бекітті.
Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі құрылыс объектілері бойынша бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру шеңберінде осы объектіні бақылауға алды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ