Атырау, 23 қараша 05:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан азаматтары Өзбекстанда уақытша есепке тұрмай 30 күн бола алады

493 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы өзара сапарлардың шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң қабылданды, деп хабарлайды  KAZINORM.  

«Хаттамаға Мемлекет басшысының Ташкентке сапары барысында 2022 жылғы желтоқсанда қол қойылды. Бұл құжатпен екі ел азаматтары үшін бірдей негізде уақытша есепке тұрмай 30 күн болу белгіленбек. Осы мерзім аяқталғаннан кейін олар уақытша тұруға рұқсат алуға міндетті. Негіздері – жұмыс істеу, емделу, оқу, отбасымен бірігу, бизнес жүргізу. Осылайша, біз көші-қонды бақылаймыз. Одан басқа болу мерзімдерін жаңарту мәселесі шешілмек. Бірақ олардың болу мерзімі алты ай ішінде 90 тәуліктен аспауы тиіс», - деді заң жобасын таныстырған Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Оның атап өтуінше, бүгінде Қазақстан азаматтар Өзбекстанда 5 күн ішінде тіркеуден өтуге міндетті.

«Ал Қазақстанда міндетті тіркеу мен көші-қон карточкалары барлық шетелдіктер үшін 2020 жылдан бастап талап етілмейді. Бұл түзету біздің бастама бойынша әзірленді. Өзбекстан тарапы хаттаманы өткен жылдың сәуірінде ратификациялады. Хаттаманы ратификациялау азаматтардың болуы үшін қолайлы жағдай жасап, екі елдің ынтымақтастығын нығайтады», - деді ол.
31 қаңтар, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.