Қала тұрғыны мемлекеттік номерінің әріп комбинациялары айтылуы мен оқылу кезінде «сөйлеу мәдениетіне жат» келетін автокөліктер толып жүргенін байқады. Атап айтқанда, OPG сериясымен жүрген номер расында мемлекеттік пе деген күмән келтірді. Солай болған жағдайда, ондайға кім жол берді?
Бұл сұрақты «АЖ» Полиция департаментіне жолдаған еді.
- Ол номерлер кезінде шектеу қойылғанға дейін үкіметтен ақшасы төленіп сатып алынған. Ал қазір ондай серияны ала алмайды. Сондықтан бұрын алынып қойған номерлерге ешқандай айыппұл салынбайды, жүре береді, - деп жауап берді полиция департаментінің мамандары.
Айта кетейік, ішкі істер министрлігі оқылуы мен айтылуы «сөйлеу мәдениетіне жат» болғандықтан 106 әріп комбинациясынан тұратын мемлекеттік тіркеу белгілерін алып тастаған еді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Алынып тасталған әріп комбинациялары мыналар: AAM, BOK, CEX, FBP, HER, KAL, KOT, MAL, SOR, SOP, SOS, SEX, USA, XER, XYE, ZEK, GEY, GEI, GAY, JID, GON, GAD, CON, QUM, GOD, EBI, EPT, IIM, GOS, IIN, QAS, OON, XUI, QR, HUY, ISK, HYI, QYS, XUY, JUN, XER, BOQ, QUL, SIK, QAN, SYK, JUT, QOR, QYQ, QOI, TYQ, JOI, JMI, JYN, GAI, IBU, VOR, EBU, BOP, FUK, FAK, FUC, FAC, IOX, IOH, LOX, LOH, COX, KOX, FBR, POX, KNB, MVD, OPG, EBR, AMM, SGL, ASS, HAX, NAX, AM, IB, KZ, PK, QU, KP, UD, WX, TG, NS, CS, PV, AK, WK, JO, AQ, AO, RK, NN, BS, ST, BA, AW, AP, AE, AX.