Атырау, 25 қыркүйек 08:18
 ашықВ Атырау +22
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Аққыстауда мұз алаңы жасақталды

1 049 просмотра

Исатай ауданында қысқы спорт түрлерін, оның ішінде хоккей спортын дамыту бағытында Исатай ауданының Аққыстау ауылынан коньки тебуге арналған алаң жасақтады.

Ауыл халқы мен балаларының игілігі үшін атқарылған іске аудан орталығындағы мекемелердің ұжымы, тұрғындар ат салысқан. Енді балалар арнайы қоршалған алаңда коньки тепсе, ересектер хоккейден ардагерлер арасындағы жолдастық кездесулер өткізуде.

- Балалардың  таза ауада спортпен айналысқанына не жетеді. Хоккей - қымбат спорт түрі. Мектеп тарапынан қолдау білдіріп, балалардың хоккеймен айналысуына одан әрі мүмкіндік жасау қажет, - дейді ардагер спортшы Асқар ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

30 қаңтар, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.