Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы және Parimatch беттинг компаниясының амбассадоры Арнольд Кнауб жақында "Қайрат" командасының ойыншысы атанды. Сұхбатында ол келесі жылға арналған мақсаттарымен бөлісті.
Жақында сіз клубты ауыстырып, "Қайрат" ойыншысы қатарынан болдыңыз. Алғашқы эмоциялар басылды, қазір ауысу туралы шешімді қалай бағалайсыз?
Қазір бәрі керемет, мен күн өткен сайын командаға бейімделіп келе жатырмын. Біздің жаттықтырушы Марлон Веласконың талаптарын меңгерудемін, оған уақыт қажет. Бірақ мен тырысып-бағудамын.
"Қайраттағы" мансап хет-триктен басталып еді. Бұл туралы не сезінесіз?
Мен қазірдің өзінде төрт ойынға қатыстым, төрт гол соғып, сонша гол соғатын доп бердім (сұхбат 26 қаңтарда алынды- автор ескетуі). Мен командаға одан да көп пайда әкеле алатынымды сеземін, сондықтан мен күн сайын одан жақсырақ көрсеткіштерге ие болуға тырысамын.
2024 жылға деген мансаптық мақсаттарыңыз қандай?
Клуб футзалындағы маусым маусым айының соңында аяқталады, Мен өзіме Қазақстан чемпионатында жеңіске үміт артып, кем дегенде 25 гол соғу міндетін қойып отырмын. Әрине, мен жеке шеберлігіме және ойынның басқа да аспектілеріне көңіл бөлгім келеді.
Жыл соңында Қазақстан құрамасы футзалдан УЕФА нұсқасы бойынша үздіктер төрттігіне ілінді. Жалпы команда осындай керемет нәтижелерге ненің арқасында қол жеткізуде? Қазақстандық футзал одан да жақсы болуы үшін не істеу керек?
Балалардан бастау керек, балалар-біздің болашағымыз, сондықтан балалар мен жасөспірімдер спортына барынша көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар, жанкүйерлер санын арттыру үшін бізді теледидардан жиі көрсету маңызды.
Үлкен футболдан құрама матчтарын бақылайсыз ба? Қандай болжамыңыз бар?
Әрине, міндетті түрде. Ұлттық құрамада менің таныстарым бар. Қиын болатыны анық, өйткені наурыз айында Қазақстанда маусым енді басталып жатса, Еуропада керісінше соңына таяп қалады. Біздің команда Еурода ойнайды деп үміттенемін, егер бұл жағдай орын алып жатса, Германияға барып, оларға қуанышпен жанкүйер боламын.