Атырау, 25 қараша 19:44
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Жұлдыз-1» ықшамауданындағы тәжірибе және төтенше жағдай

879 просмотра
«CaspianNews» телеарнасының бейнежазбасынан алынған скриншот

Жергілікті деңгейде төтенше жағдай жариялау туралы ұсынысты Төтенше жағдайлар департаменті ықшамаудан тұрғындарының талап-тілектері негізінде енгізген. Оны қала әкімдігі қанағаттандырды.

Белгілі болғандай, Жұлдыз-1 ықшамауданы тұрғындарының үйлері жер асты сулары мен сарқынды су деңгейінің көтерілуінен зардап шекті. Төтенше жағдай 2 айға – 22 наурызға дейін жалғасады.

Мәселені шешу үшін кейбір учаскеде тәжірибе ретінде арнайы инесүзгілер орнатылды, олар арқылы су сорылады. Әкімдік тәжірибелік аумақтар санын отызға жеткізуді жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта одан әрі жұмыс істеуге қажетті сома анықталып жатыр.

Айнұр САПАРОВА

30 қаңтар, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.