Атырау, 21 қараша 23:01
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Айтыскер ақын Мүтиғолла Ғаниға құрмет көрсетілді

Сурет
1 035 просмотра

24 қаңтар күні Құрманғазы ауданында айтыс ақындары мен жыршы термешілер Халықаралық одағының мүшесі, айтыскер ақын Мүтиғолла ҒАНИДЫҢ 65 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті. Шара ақынның туған жері  Сүйіндік ауылында кездесу кешінен басталды.

Шарада ақындар арнау өлеңдерін оқып, ауыл тұрғындарына облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Келесі күні шығармашылық кештің екінші бөлімі аудан орталығындағы С.Көшекбаев атындағы Мәдениет үйінде жалғасты.

Кезінде республикалық айтыстарда облыстың намысын қорғаған айтыскер ақын Мүтиғолла Ғани бүгінде Құрманғазы ауданында айтыс өнеріне шәкірт тәрбиелеумен айналысады.

Шарада Таңатар Дәрелов, Сәрсенбай Еңсегенов, Есмұхан Жанизин секілді ел азаматтары ақынның облыс үшін атқарған істерін  жас ұрпаққа жеткізіп, лебізін білдірді.

Атырау айтыскерлері ақынға домбыра тарту етсе, Құрманғазы ауданының әкімі Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына арналған «Дауылпаз» төсбелгісін табыстады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

30 қаңтар, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.