Балықтардың тұншығу қаупі бар су айдыны «Безымянное» көлінде ойықтар мен үкі ою жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар аумақтарына байланысты аудандық инспекцияға жүктелген.
- Бүгінгі таңда балық қорғау қызметкерлері Атырау облысы Жайық және Қиғаш өзендерінде барлығы 16 ойық пен 207 үкі ойылып, су атындағы оттегі мөлшері тексерілді. Тексеру нәтижесінде оттегі мөлшері көп жерлерде литріне 11 миллиграмнан асатыны анықталды. Су астындағы оттегі көрсеткіші 4-тен жоғары болған жағдайда балықтардың тұншығу қаупі болмайды, - деді балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Айгерім АРЫНОВА.
Айтуынша, қазіргі кезде мұздың қалыңдығы әр жерде 10-20 см аралығында.
- Балық қорғау қызметкерлері аязды күндері ойықтардың бітеліп қалмауын тексеріп, бақылап отырады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді, - деді мамандар.
Инпекция, сондай-ақ 22-26 қаңтар аралығында 16 дана ау құралынан 34,8 кг қара балық тұқымдас балық шығарылғанын хабарлады.
Балықтар балық қабылдау мекемесіне тапсырылды. Сегіз жеке тұлғаға балық аулау ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-тің 383-бабының 1-тармағы бойынша балық аулау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ