Атырау, 25 қараша 19:45
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

UNDERDOG MMA: Олдскулдық мектепке оралу

759 просмотра


Соңғы жылдары аралас жекпе-жек өнері (ММА) Қазақстанда белсенді дамып, біздің еліміздің спорттық мәдениетінде стратегиялық тұрғыдан маңызды және аса танымал бағыт болды. OCTAGON, Naiza, Alash Pride, Mergen FC және UNDERDOG MMA сияқты бірнеше промоушендер спорттың осы әсерлі түрінің дамуына өз үлесін қосып жатыр.       

Олардың бірі, Underdog MMA, турнирлерді өткізудегі ерекше тәсілімен көзге түсуде. Осы жайлы біз UNDERDOG MMA бас менеджері Ильяс Рабимен сұхбаттастық. Осы сұхбат барысында UNDERDOG MMA басшылығы ММА-индустриясының еліміздегі дамуы, әлемдегі көшбасшысы UFC-мен бәсекелестігі, осы промоушенінің ерекшелігі және сарбаздарын дайындаудағы құпиялары жайлы да сөйлесіп көрдік.   

-        Қалай ойлайсыз, неге Қазақстанда соңғы жылдары ММА индустриясы соншалықты белсенді дамып жатыр?

-        Шынымен де, ММА қазақстандықтардың сүйікті спорт түрлерінің көшбасшысы болды. Оны мен біздің UFC-дегі отандас жігіттеріміздің көрсетіп жүрген өнерімен байланыстырам, оған қоса қазақстандық промоушендердің дамуы да өз әсерін тигізді деп ойлаймын. Қазір Қазақстанда бірнеше промоушендер, олардың ішінде OCTAGON, Naiza, Alash Pride, Mergen FC және UNDERDOG MMA өз турнирлерін өткізіп жатуда.

-       UFC-де қазақстандық жігіттер баршылық, ең елдің ауызынан түспейтіндері – Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев және Азат Максум. Азат пен Асудың UFC қатарына қосылғандарына азғантай ғана уақыт болды және бұл оқиға жанкүйерлер қауымын кәдімгідей дүрліктірді. Ал Шавкатқа жақын арада титулдық жекпе-жекті ұсынбақ. Осы оқиға орын алса, Қазақстандағы ММА жағдайы қазіргіден де жақсы болмақ.

-        Басқа промоушендер  UFC-мен бәсекелестікке түсе алады ма?

-        Қазіргі кезде жоқ. UFC корпорация мәртебесіне иелену, ММА индустриясын құру жолында 1993 жылдан бері, тұтас жүйені құрды, көпшіліктің санасында UFC-дің бүкіл ММА-ны білдіретіні де жайдан жай емес. Егер UFC өз даму қарқынын жоғалтпаса, онда басқа промоушендерде оларды қуып жетуге бірде-бір мүмкіндігі болмайды. Ол үшін кем дегенде уақыт пен дұрыс даму жолдары қажет.  

-        Сіздің промоушеннің басқалардан айырмашылығы неде?

-        UNDERDOG MMA басқа промоушендерден «ескі мектеп» форматын жаңғыртқанымен ерекшеленеді, бірақ промоушен оған жаңа ерекшеліктерді қосты. Аралас жекпе-жек ережелері бойынша жекпе-жектердің олдскулдық форматы дегеніміз, ол  бір кеште сегіз жауынгердің арасында бір чемпионның анықталуы болып табылады. Кәсіби спортшыларға эмоцияларға толы жекпе-жектер марафонында ең мықтыны анықтау қажет.

-        Жауынгерлердің жаттығулары туралы толығырақ айтып өтсеңіз.

-        Әр жауынгерде олар бөлек, өзгеше және нақты қарсыласқа немесе жарысқа қарай ойластырылады. Әр лагерь ұқсас жаттығулардан басталғанымен, ары қарай ол тек нақты қарсыласқа бағытталған жаттығулармен толықтырылады. Гран-приге қатысты атсақ, қатысушылар кез-келген нәрсеге дайын болулары керек. Бірақ жігіттердің көбісі жекпе-жектерге қатысумен қатар басқа жерде де жұмыс істейтінін айтып кеткен жөн, өйткені ол да жаттығуларға өз әсерін тигізеді. Оларды түсінуге болады, оларға да өзінің және өз отбасысының дастарханындағы күнделікті ас-ауқатын ойластыру қажет, өйткені ММА-да әзірге бүкіл көңілін тек оған бұратындай ақша жоқ. Сіз мүмкін естіген шығарсыз Шавкат Рахмоновтың өмірлік оқиғаларын, оның қалай базарда жұмыс істегенін.     

-        Бірде-бір лига, тіпті UFC, төрешілер мен судьялардың қателіктерінен сақтана алмайды. Сіз өз промоушеніңіз үшін оларды қалай таңдайсыз және даулы шешімдерді тексеруді қолға алу жоспарда бар ма?

-        Қазіргі таңда біздің промоушен Қазақстандағы басты екі лига - OCTAGON мен Alash Pride тартатын судьялардың қызметін пайдаланады. Біз шешімдердің әділдігі күмән туғызбас үшін судьяларды тек Қазақстаннан ғана емес, сонымен қатар Өзбекістаннан және Қырғызстаннан тартамыз. Егер даулы мәселе орын алса, олар сол сәтті арнайы монитордан қайта көріп шығады да ол бойынша өз шешімін қабылдайды.

-        Осы істе демеушілердің қолдауы қаншалықты маңызды? Өз серіктесіңіз ретінде сіз неге Parimatch-ті таңдадыңыз?  

-        Турнир форматында оффлайн ивенттер, қосымша контент қарастырылған -  жауынгерлермен интервью, арнайы қонақтардың пікірі, бэкстэйдждер және т.б.  Барлық осындай медиа-материалдарды жасауда Parimatch-тың көмегі біз үшін өте маңызды, бұл әрекеттер біздің жауынгерлерге Гран-при форматында өтетін бір кештің ішінде танымал болу және рекордты алу мүмкіндіктерін арттырады. Біз таңдауды, шыны керек, Parimatch амбассадоры болған Конор Магрегорға қарап жасадық. Бізде оның таңдауына күмән келтіруге негіз жоқ.    Болашақта Underdog MMA өз жоспарына сәйкес промоушенге жаңа идеяларды және форматтарды әкеліп, алған бағытынан тайынбауға тырыспақ. Оның ішінде жауынгерлердің географиясын кеңейту және олардың деңгейлерін жүйелі түрде ММА саласындағы үздіктердің деңгейіне дейін жеткізіп тұру сияқты бағыттардың орны бөлек. Олардың дамуына мұқият көз салайық және істеріне сәттілік тілейік!  

29 қаңтар, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған