Әлемдегі ірі құрылыс компанияларының бірі China Evergrande компаниясы Гонконг сотының шешімінен кейін біржола жабылып қалуы мүмкін, деп жазады Курсив.
Reuters ақпаратына сүйенсек, сот компанияның 300 млрд доллар қарызын өтеуге қатысты шешім шығарған. Шешімді Линда Чен есімді студья қабылдаған. Оның айтуынша, компания бірнеше айлық кідірістерге қарамастан нақты қайта құрылымдау жоспарын ұсына алмағандықтан, осы шешімді қабылдауға мәжбүрлеген. Осылайша қарызын өтей алмаған компания біржола жабылып қалуы мүмкін.
240 млрд доллар активі бар China Evergrande компаниясының жабылуы Қытайдағы жылжымайтын мүлік нарығына айтарлықтай өзгеріс алып келеді. Сарапшылар алдағы уақытта тұрғын үй бағасы күрт құбылуы мүмкін деп болжап отыр. Бұған қоса, инвесторлар мен тұтынушылардың сенімін жоғалтқан жағдайда Қытай экономикасы тежеліп қалатынын да баса айтып жатыр.
Осыған дейін Сингапур биржасында темір рудасы 4,8%-ға арзандап, тоннасына 107,5 долларға түскенін жазған едік. Goldman Sachs Group Inc осыған дейін Қытай экономикасының өсіміне жылжымайтын мүлік нарығының әлсіреуі көп жылдық кедергі болуы мүмкін екенін ескерткен. Темір рудасының бағасы соңғы 9 сауда сессиясында қатар арзандады. Инвестициялық банк туындаған қиындықтар Қытайдың жылжымайтын мүлік нарығындағы қалыптастқан жағдай – қалалардың нашар дамуы мен жекелеген мердігерлерді қаржыландыру мәселесімен байланысты екенін мәлімдеді. Goldman Sachs банкінің болжамынша, нарық «L-сипатта», яғни айтарлықтай құлдыраудан кейін барып қана қалпына келеді.