Атырау, 23 қараша 05:26
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ-тың Иорданиядағы әскери базасына дронмен шабуыл жасалып, 3 жауынгер өлген

344 просмотра
Көрнекі сурет/AFP

Иорданияның солтүстік-шығысында, Сирия шекарасы маңында тұрған АҚШ әскери базасына дрон шабуылдап, үш әскери қызметкер өлген, көптеген адам жараланған, деп жазады Аzattyq.org.

Мұны жексенбі, 8 қаңтарда АҚШ президенті Джо Байден хабарлап, жауапкершілікті Иран қолдап отырған топтарға артты. "Бұл шабуыл жөнінде әзірге фактілерді жинап жатырмыз, дегенмен шабуылды Сирия мен Иракта жүрген, Иран көмектесіп отырған радикалды топтар жасағанын біліп отырмыз", – деді Байден.

Ақ үй басшысы "кінәлілерді АҚШ жауапқа тарттатынына ешбір күмән болмауы керек" санайды.

АҚШ орталық қолбасшылығының хабарына қарағанда, Иорданиядағы АҚШ-тың әскери базасына жасаған шабуылдан 3 әскери қызметкер өліп, 15-і жараланған.

Би-би-сидің жазуынша, былтыр 7 қазанда ХАМАС радикалды тобы Израильге жасаған шабуылдан кейін алғаш рет бұл аймақта АҚШ солдаты өлген. АҚШ-тың әскери нысандарына бұрын да шабуыл жасалған, бірақ адам өлімі болмаған.

29 қаңтар, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.