Атырау, 23 қараша 05:00
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Финляндияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

330 просмотра

Финляндия жексенбі күні президенттік сайлаудың бірінші кезеңін өткізді,  ел НАТО-ға кіргеннен бері алғаш рет жаңа көшбасшыға дауыс берді. Екінші турда бұрынғы премьер-министр Александр Стубб пен бұрынғы сыртқы істер министрі Пекка Хаависто кездеседі, деп хабарлайды Kazinform. 

Есептелген дауыстардың нәтижесіне сәйкес, Стуббты сайлаушылардың шамамен 27%-ы, ал Жасылдар партиясы атынан шыққан Хаавистоны 26%-ға жуығы қолдаған.

Үшінші орын «Нағыз финдер» партиясының әсіре оңшыл кандидаты Джусси Халла-ахоға бұйырды. Оған сайлаушылардың 19%-ға жуығы дауыс берді.

Сайлаудың екінші кезеңі 11 ақпанда өтеді. 

Стубб консервативті Ұлттық коалициялық партияның өкілі және 2014–2015 жылдары Финляндия үкіметін басқарды. Жасылдардың кандидаты Хаависто үшінші рет президенттікке үміткер болып отыр.

29 қаңтар, 08:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.