Атырау облысының полиция департаменті әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында қала аудандарының бірінде тапанша қолданған жастар арасындағы жанжалдың бейнежазбасын анықтады.
Осы дерек бойынша, жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құқық бұзушылық жасаған оқиғаға қатысушылардың барлығы полиция басқармасына жеткізілді. 2003 жылы туған оқ атқан күдіктіден сигналдық тапанша тәркіленді. Оқиға дерегі бойынша жаралылар мен ауруханаға жеткізілгендер жоқ. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі («Бұзақылық») бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА