Атырау, 25 қараша 20:37
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Трассада ажал құшты

1 059 просмотра

"Кибер-шериф" тас жолда адам өліміне әкелген апатты тіркеді. 

26 қаңтар күні сағат 19:00 шамасында республикалық маңызы бар Атырау-Орал тас жолының 154 шақырым тұсында маркасы Lada Granta автокөлігінің 1992 ж.т. жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, жолдың оң жақ жиегіне аударылып, оқиға орнында қаза тапты.

Аталған көлік жүргізушісінің 24 қаңтар күні жылдамдықты шамадан тыс асырған дерегі «Кибер-Шериф» құрылғысы арқылы анықталған. Жүргізуші жылдамдықты 133 км/сағ дейін арттырып, ҚР ӘҚБтК 592-бабының 2-бөлігімен құқық бұзушылық жасаған.

Айта кетейік, «Кибер-Шериф» аппараттық жиынтық құрылғысы қаңтар айының 22-інен бастап 1 ақпанға дейін сынақтық режимде қызмет атқаруда. 

Атыраулық полицейлер жол жүру ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шамадан тыс асырмауды, өзінің және өзгенің өміріне немқұрайлы қарамауды сұрайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 қаңтар, 19:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.