Атырау, 25 қараша 20:17
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Атлетико" - "Валенсия": Айдын Қожахметтің болжамы

938 просмотра

Ла Лига

"Ванда Метропалитано"

Осыдан 10 жыл бұрын бұл текетіресті Еуропадағы алдағы демалыс күндерінің  орталық ойыны деп санауға болатын еді. Бірақ бүгінде " Валенсия" және тіпті "Атлетико" да көшбасшылар үштігіне  кірмейді, тек "матрасшылардың" испан футболының алыптар мәртебесіне қатысы болып отыр. Дегенмен, бізді қызықты шайқас күтіп тұр. Иә, дәл солай, бұл шайқас, өйткені "жарқанаттар" бой бермей отыр, ал алаң иелері осы бейсенбіде өткен Испания Кубогында "Севильямен" ауырға соққан жартылай финалынан кейін күш-қуатын зорға қалпына келтіруде .

"Атлетико"

Диего Симеоне өзінің "Атлетикосын" шабуылдаушы футболға қарай біртіндеп бейімдеп жатыр. Бүгінгі күні 90 минут бойы өз алаңының жартысында жүгіріп, артынан шағып алатын команда емес. Енді мадридтіктер ойын алаңында өз шарттарын белгілеуге және әр жер телімінде үстемдік етуге тырысып бағады. Бұл өзгерістер оңай тиіп жатқан жоқ, сондықтан біраз қиналып жатқандай көрініс табуда.

Расында," Севильяға " қарсы шайқаста Симеоненің жігіттері көп күш жұмсады, бірақ жарақат алғандар болмады, оған да шүкір. Лазареттен "Чоло" үшін қол жетімсіз болып отырған, тек Сесар Аспиликуета, Витоло және Том Лемар. Бірақ олар көбіне ауыз толтырып айтатын жарақат алып жүрген жоқ.

"Атлетиконың" соңғы 5 матчы

Атлетико – Севилья 1:0

Гранада – Атлетико 0:1

Атлетико – Реал 4:2

Реал – Атлетико – 5:3

Луго – Атлетико 1:3

"Валенсия"

Рубен Бараха көзге жарқ етіп көрінбесе де, алаңда бой бермейтін футболшы. Ол және оның командасы – "Валенсия" асып бара жатқан нәтиже көрсетпегенімен, мықты қорғанысқа ие ("Атлетикодан" бір гол артық жіберіп алды). Оларды еурокубок аймағынан тек қана бір жеңіс бөлуде. Тек "Метропалитано" емтиханын барлығы бірдей тапсыра алмайды. Барахаға толық команда құрамы қол жетімсіз болып отыр: жарақат салдарынан Мари, Альмейда, Каностан айырылды, ал Амалла мен Диахаби Африка кубогына қатысу үшін ұлттық құрама құрамына кетті.

"Валенсияның" соңғы 5 матчы

Валенсия – Атлетик 1:0

Валенсия – Сельта 1:3

Кадис – Валенсия 1:4

Картахена – Валенсия 1:2

Валенсия – Вильярреал 3:1

Жеке кездесулер тарихы

Әдетте "Метрополитанода" валенсиялықтардың жолы бола бермейді. Ондағы соңғы бес матчтың ішінде олар тек біреуінде жеңілістен құтылған - 2019 жылы тең нәтижелі есеп тіркелді. Жалпы, соңғы 20 матчта "жарқанаттар" тек екеуінде жеңіске жеткен. Осындай көңілсіз статистикасы бар.

Матчқа болжам

"Атлетиконың" шаршағанын және "Валенсияның" қонақ алаңында мықты қорғанысқа үміт артып отырғанын ескере отырып, бұл кездесуде соғылған голдар аз болады деп ойлаймын. Сондықтан Parimatch-тағы достарымның жалпы тотал  2,5-тен аз нұсқасына ұсынып отырған 2.04 коэффициентіне көңіл аударған жөн деп санаймын.

 

26 қаңтар, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған