Атырау, 25 қараша 20:29
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда өңірдің сейсмологиялық картасын жасау жоспарланып отыр

1 064 просмотра
Көрнекі сурет

Бұл туралы 25 қаңтарда тікелей эфирде облыс әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ Сейсмология институтына облыстың сейсмологиялық картасын жасауға өтінім беруге тапсырма берген. 

Карта қауіпті нүктелерді анықтайды, содан кейін сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дайындық жұмыстары жүргізіледі.

- Біз эвакуациялау пункттерін дайындау жұмыстарымен айналысуды жоспарлап отырмыз. Тұрғындар олардың мекен-жайын біліп, хабарландыруларды дер кезінде алып, Алматыдағыдай дүрбелеңге салынбауы керек, – деп түсіндірді Ж.Бисембиев, – Атырау облысы – ең ірі мұнай өндіретін аймақ, бұл белгілі бір дәрежеде сейсмологиялық қауіпке әкелуі мүмкін.

Белгілі болғандай, мұнай және газ өндіру кезінде пайда болатын кәсіпшілік (қабаттық) сулар көбінесе қабатқа қайта айдалады. Ғалымдардың ақпаратына сәйкес, өндірілген су жер астында сақталса, жер сілкінісі қаупін арттыруы мүмкін.

Айнұр САПАРОВА

Анықтама үшін
Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтер бойынша: жер асты ұңғымаларына жоғары қысымды қоспаны айдағанда, жер бетіне газ немесе мұнай шығып кетуі мүмкін. Жер асты дүмпулерінің себебі, әдетте, мұнай мен газды өндірудің өзі, фрекинг (қабатты гидравликалық жару) деп аталатын әдіс емес, ағынды суларды неғұрлым кеңірек және қауіпті бұзылулар орналасқан жер асты горизонттарына айдау болып табылады.
26 қаңтар, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.