Атырау, 25 қараша 20:28
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау мектептерінде сабақ қалыпты режимде өтеді

Бейнежазба
1 112 просмотра

25 қаңтарда телеграм-каналдардың бірінде белгісіз біреулер 26 қаңтар күні Әл-Фараби мен Қонаев атындағы Binom, №38 және №48 мектептерінде адамдарды жаппай қырамыз деген қорқытқан хабарлама пайда болды.

«Біз мектептеріңізге кіріп, барлығына оқ жаудырамыз», - деп жазды хабарлдама авторлары.

Ал, ата-ананың көбі балаларын мектепке жіберуге қорқып отыр. Тура осындай хабарлама бұған дейін Ақтөбе мен Ресей қалаларында тараған.

Кейін облыс әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ әлеуметтік желі арқылы оқушылардың ата-анасына ертең мектептерде сабақ қалыпты режимде өтеді деп хабарлады.  

"Құрметті ата-аналар, паникаға берілмеңіздер және тек ресми ақпаратқа сеніңіздер. Атырауда ертең мектептерде сабақ қалыпты режимде өтеді. Еліміздің, бірқатар қалаларында осындай жалған ақпараттар таратылып, расталған жоқ. Құзырлы орғандар тиісті әрекет етіп, қауіпсіздік шаралары қабылданады", - деп хабарлады Ж.Бисембиев. 

Осы дерек бойынша облыстық Полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір құзіретті органдармен бірлесіп, осы ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылады.

Осыған ұқсас жалған хабарламалар биылғы жылдың басында Ресей Федерациясының бірқатар қалаларында және Ақтөбе қаласында да орын алған. Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең туғызуға арналған.

Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін және тыныштық сақтауды сұраймыз! Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

26 қаңтар, 08:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.