Атырауда Ұлы Отан соғысы кезінде Смоленск түбінде қаза тапқан қазақ жауынгері Қисым ӘДИЕВТІҢ сүйегін туған-туыстарына табыстау рәсімі өтті.
Қисым 1911 жылы дүниеге келген. 1941 жылы 8 тамызда Гурьев қаласынан майданға шақырылған. Үйінде жары Әдина қалған. Жауынгердің соңғы қызмет еткен жері 112-ші атқыштар бригадасы болған. Оның құрамында шайқас өткізіп, қаза болған. Сарбаздың мүрдесін 2023 жылдың тамызында Смоленск «Долг» іздеу бірлестігінің «Феникс» іздестіру жасағы тапқан. Жауынгерден табылған медальон арқылы жауынгердің жеке басын, Гурьев облысының тумасын анықтауға мүмкіндік туды. 80 жылдан астам уақыт жауынгер хабар-ошарсыз кеткен деп саналды. «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің іздеушілері сарбаздың Атырау қаласында тұратын ұлы Сембай ҚИСЫМОВТЫ тапты.
Ашық дереккөздердің дерегіне сүйенсек, Ұлы Отан соғысы майдандарында 1,2 миллион қазақстандық шайқасқан. Олардың жартысы үйлеріне оралмады. Үш жүз мыңға жуық отандастарымыздың тағдыры әлі күнге дейін белгісіз.
Андрей КОРАБЛЕВ
Суретті түсірген Ерлан Алтыбаев