Атырау, 25 қараша 20:44
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысы аудандық сотының төрағасына қатысты іс жүргізу тоқтатылды

1 083 просмотра

Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда жергілікті соттардың 7 судьясына қатысты тәртіптік істер қаралды, деп хабарлайды Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты.

Отырыс қорытындысы бойынша Қызылорда және Алматы облыстары аудандық соттарының екі судьясына сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Қылмыстық істерді қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзу жаза қолдануға негіз болды.

Сонымен қатар, заңнамада көзделген негіздер бойынша Сот жюриі Маңғыстау және Атырау облыстары аудандық соттарының екі төрағасына, сондай-ақ тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары аудандық соттарының екі судьясына қатысты іс жүргізуді тоқтатты.

Қарағанды облысы аудандық сотының бір судьясына қатысты ауызша айыптау енгізіле отырып, жасалған тәртіптік теріс қылықтың шамалы болуына байланысты іс жүргізу тоқтатылды.

Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар оларға Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

25 қаңтар, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.