Атырау, 5 желтоқсан 08:28
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Binom мектебінде бомба туралы хабарламаға байланысты адамдар эвакуацияланды

1 307 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

Бүгін, 25 қаңтарда Атырау қаласының жедел қызметтеріне Нұрсая ықшамауданындағы Әл-Фараби атындағы Binom мектеп-лицейіне бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Осы мектептің WhatsApp мессенджеріндегі ата-аналар чаттарында эвакуация жүріп жатқанын жазып жатыр.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі эвакуация туралы ақпаратты растады.

Атырау облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметі оқиға орнына 6 қызметкер мен 1 техника шыққанын хабарлады. Сондай-ақ оқиға орнында апатты медицина орталығының 3 қызметкері мен мән-жайды анықтау үшін 1 бірлік техника жұмыс істеп  жатыр.

Өрт оқиғасы тіркелген жоқ.

Айнұр САПАРОВА

25 қаңтар 2024, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.