Атырау, 25 қараша 20:34
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ТКШ апатты үйлердің тұрғындарына пәтер сатып алады

1 099 просмотра
freepik.com

2024 жылдың 10 қаңтарында мемлекеттік сатып алу порталында Атырау қаласы бойынша 1, 2, 3 бөлмелі пәтерлерді сатып алуға ашық конкурс жарияланған еді.

Барлығы 44 пәтер: бір бөлмелі пәтерлер 18 миллион 130 мың теңгеге, екі бөлмелі пәтерлер 27 миллион 380 мың теңгеге, үш бөлмелі пәтерлер 37 миллион теңгеге сатып алу жоспарланған.

Тапсырыс беруші – қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі.

- Бұл 44 пәтер Атырау қаласындағы апатты үйлердің тұрғындарын қоныстандыру мақсатында сатып алынуда, бізде осындай 132 адам бар, - деп жауап берді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Олар көпқабатты үйлердің қайсысынан пәтер сатып алатыны туралы жауап бермеді. «Олардың нақты мекенжайы белгісіз», - деді қала әкімдігі.

Тұрғын үй секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы Нұржан САЯСАТТЫҢ айтуынша, Атырауда апатты күйдегі 80 көпқабатты үй бар. Тұрғындар үшін биыл қала бюджетінен 100 пәтерге қаржы бөлуге сұраныс берілген, алайда бөлінген қаржы 1 млрд 272 млн 123 мың теңге тек 44 пәтер сатып алуға ғана жеткен. Қалған 56 пәтер сатып алуға биыл бюджетті қайта қараған кезде қаражатқа сұраныс беріледі. Қалай болғанда да бұл пәтерлер жылдың аяғына дейін сатып алынбақ. 

- 44 пәтерге қатысты айтар болсақ, біз мемлекеттік сатып алу порталында оларды сатып алу туралы ашық конкурс жарияладық. Жеңімпаз анықталғаннан кейін келісімшарт жасаймыз. Бұл пәтерлердің қай мекенжайда орналасқаны сол кезде анықталады, - деді Н.Саясат. 

Қазір қала бойынша 21 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр. Оның ішінде 132 адам апатты үйдің тұрғындары емес, бірақ әлеуметтік осал топтағы 11 әртүрлі санатқа кіреді: жетім балалар, көп балалы және жалғызбасты аналар, І-, ІІ-топ мүгедектері, толық емес отбасы және соғыс ардагерлеріне теңестерілген адамдар.  

Айнұр САПАРОВА

25 қаңтар, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.